jitsu gif branding logo appbranding logo app
Бос уақыт

    Жақында Атыраудан Дубайға тікелей рейс ашылады

    Air Astana ұшағы
    Air Astana ұшағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Air Astana Таяу Шығысқа экспансиясын күшейтіп жатыр. Әуекомпания Дубай мен Әбу-Дабиге тікелей рейстер ашады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ақпарат Air Astana әуекомпаниясының Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды. Компания мәліметінше, 26 қазаннан бастап Атырау мен Дубай арасында, 30 қазаннан бастап Астана мен Әбу-Даби арасында, 12 желтоқсаннан бастап Алматы мен Әбу-Даби арасында жаңа тікелей рейс енгізіледі.

    "Әуекомпания өзінің бағыттық желісін Таяу Шығыс елдеріне кеңейтуде. Алдағы қысқынавигацияда Air Astana аптасына Алматы мен Астанадан Әбу-Дабиге төрт рейс, сондай-ақ аптасына Атыраудан Дубайға екі рейс орындайды, бұл аптасына Алматы мен Астанадан Дубайға әрекеттегі 20 рейсті, сондай-ақ аптасына Алматы мен Шымкенттен Сауд Арабиясына 6 рейсті толықтырады.

    Осылайша, Қазақстанның үш қаласының тұрғындары мен қонақтары Airbus A321LR, Airbus A321Neo және Boeing-767 жайлы әуе кемелерімен Біріккен Араб Әмірліктерінің танымал шаһарларына тікелей жете алады.

    Бұдан басқа, жолаушылардың ел ішіндегі саяхаттарын құрастыруға және екі әртүрлі Әмірлікке бір сапарда баруға тамаша мүмкіндігі бар. Мысалы, Қазақстаннан Дубайға ұшып, ал Қазақстанға Әбу-Дабиден қайтып ұшу. Атыраудан Дубайға жаңа әуе қатынасын енгізу өңірдің дамуына септігін тигізіп, маңызды іскерлік және туристік орталықтармен байланысты жақсартады", - деді Air Astana компаниясының кірісті басқару және коммерциялық жоспарлау жөніндегі аға вице-президенті Ерболат Байсалыков.

    Әукеомпания мәліметінше, Атырау-Дубай-Атырау бағыты бойынша рейстер AirbusA321neo авиалайнерінде дүйсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу ұзақтығы - 4 сағат.

    Ал Астана - Әбу-Даби - Астана рейстері сәрсенбі және сенбі күндері Airbus A321LR және Airbus A321neo авиалайнерлерінде ыңғайлы уақытта орындалады. Ұшуұзақтығы сол жаққа - 5 сағат 10 минут, кері қарай - 4 сағат 55 минут.

    Алматы - Әбу-Даби - Алматы бағыты бойынша тұрақты рейстер аптасына екі рет: бейсенбі және жексенбі күндеріжүзеге асырылады. Ұшулар сондай-ақ A321LR қазіргі заманғы авиалайнерінде жасалатын болады. Ұшу ұзақтығы сол жаққа - 4 сағат 55 минут, кері қарай - 4 сағат 35 минут.

    Эконом-класс билетінің ең төменгі құны екі жаққа да, барлық алымдармен бірге, Атыраудан Дубайға 189 мың теңгеден, Алматы мен Астанадан Әбу-Дабиге 179 мың теңгеден басталады.

    Ал бизнес-класс билетінің ең төменгі құны Атыраудан Дубайға 590 мың теңгеден, Алматы мен Астанадан Әбу-Дабиге 733 мың теңгеден басталады. Билеттер cатылымда және оларды әуекомпанияның сайтында немесе авторизацияланған агенттіктер арқылысатып алуға болады.

    Еске салайық, Қазақстан азаматтары үшін БАӘ-де 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз режим қолданылады.

    Жақында Атыраудан Дубайға тікелей рейс ашылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.