jitsu gif
Бос уақыт

    Қазақстаннан "Оскар" жүлдесіне қай фильм ұсынылғаны белгілі болды

    Оскар жүлдесінің мүсіні
    Оскар жүлдесінің мүсіні. Фото: Andrew H. Walker/Getty Images

    Қазақстандық режиссер Асхат Күшірековтың "Бауырына салу" фильмі беделді "Оскар" сыйлығына ұсынылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мәдениет министрлігінің Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратына сәйкес, режиссер Асхат Кучинчирековтың "Бауырына салу" фильмі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.

    Фильм жақында "Тұлпар" ұлттық сыйлығын иеленді және "Оскар" комитетіне "International Feature Film" номинациясы бойынша Қазақстаннан ұсынылып отыр.

    Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер тізім жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады. Дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Үшінші, соңғы кезең 11-18 ақпан аралығында өтеді.

    "Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады. Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады. "International Feature Film" санатындағы мүсіншеде мемлекет пен фильмнің атауы және режиссердің есімі көрсетіледі", - делінген хабарламада. ‎

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.