jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Бауырына салу": Бакуде өткен фестивальде отандық фильм топ жарды

    Бакудегі фестивальде отандық фильм топ жарды
    Бакудегі фестивальде отандық фильм топ жарды. Фото: t.me/Madeniet_aqparat_ministrligig

    Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген "Бауырына салу" фильмі Әзербайжан астанасы Бакуде марапат биігінен көрінді. Фильм "Baku International Film Festival 2024" фестивалінде бас жүлде алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қуанышты жаңалықты Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram-дағы парақшасында жариялаған. Министрлік мәліметінше, фестивальде қазылар алқасының төрағасы, "Алтын глобус" сыйлығының иегері Сиддик Байрам қазақстандық фильмді жоғары бағалаған.

    "Бауырына салу" фильмін Орталық Азиядағы мазмұнды фильмнің бірі деп айта аламын. Мұнда ұлттық дәстүрдің көлеңкелі тұсы, бала жанының нәзік психологиясы ашып көрсетілген. Қарапайым ауылдың қоңыр тірлігін баяндайтын фильм алдағы уақытта да шыңды бағындырады деп сенеміз!", – деді ауған режиссері Сиддик Байрам.

    Бакудегі фестивальде отандық фильм топ жарды
    Бакудегі фестивальде отандық фильм топ жарды. Фото: t.me/Madeniet_aqparat_ministrligig

    Айта кетейік, аталған фильмді режиссер Асхат Кучинчереков түсірген. Картина Қазақстан кинематографистер альянсы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша "Тұлпар" ұлттық сыйлығының ең жоғары наградасына ие болды. Сондай-ақ жақында елімізді халықаралық аренада таныстыру үшін Оскар комитетіне ұсынылды.

    "Бауырына салу": Бакуде өткен фестивальде отандық фильм топ жарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.