jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жазғы демалыста қайда баруға болады: Қазақстанда демалуға арналған үздік бес орын

    Алтынемел ұлттық паркі
    Алтынемел ұлттық паркі. Фото: Education Images/Universal Images Group via Getty Images

    Жазғы демалыс маусымы жақындаған сайын туристер табиғатты, мәдениетті, жайлы инфрақұрылымды біріктіретін бағыттарды іздей бастайды. Осы орайда Қазақстан Туризм және спорт министрлігі елдің экотуризм және танымдық бағыттар әлеуетін ашатын ТОП-5 бағытты назарға ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Катонқарағай, Шығыс Қазақстан облысы

    Катонқарағай ұлттық паркі — Қазақстанда Green Destinations халықаралық тізіміне енген алғашқы аумақ. Өңір көркем табиғатымен, биік тауларымен, көлдерімен, емдік бұлақтарымен танымал. Туристер Язевое көліне, Мұзтауға, "Рахман қайнары" қорық аймағына және Оралхан Бөкейдің музей-үйіне, Шүкір Шайжүнісов музейіне бара алады. Бұл өңір экотуризм, альпинизм және сауықтыру туризмі үшін өте қолайлы орын саналады.

    Қорғалжын қорығы, Ақмола облысы

    Қорғалжын — қоқиқаздарды табиғи мекенінде көруге болатын әлемдегі сирек орындардың бірі. Жазда қорық көлдеріне мыңдаған жыл құсы ұшып келеді. Бұл бағыт орнитологиямен айналысатындар мен табиғат тыныштығын қалайтын туристер арасында танымал.

    Алтынемел ұлттық паркі, Жетісу облысы

    Алтынемел — табиғи алуантүрлілік пен мәдени мұра тоғысқан ірі туристік орталықтардың бірі. Паркте заманауи визит-орталық жұмыс істейді. Туристерге бағыттар бойынша ақпарат беру, қызмет көрсету, навигациялық қолдау ұсынылады.

    Басты нысандардың қатарында — "Айғай құм", Ақтау таулары мен Таңбалы-тас петроглифтері бар. Бұл бағыт отбасылық және жеке саяхатқа да қолайлы.

    Сайрам-Өгем ұлттық паркі, Түркістан облысы

    Сайрам-Өгем — оңтүстік аймақтағы әлеуеті жоғары, бірақ әлі толық ашылмаған бағыттардың бірі. Мұнда мұздық көлдерге апаратын жаяу бағыттар мен тау флорасымен танысу мүмкіндігі бар. Экотуризм дамып келе жатқан бұл өңір ішкі туризм үшін тың мүмкіндікке айналуда.

    "Сартас" визит-орталығы, Маңғыстау облысы

    Маңғыстау өңірі туристік инфрақұрылымды белсенді түрде дамытып келеді. Жаңадан ашылған "Сартас" визит-орталығы өңірдің петроглифтеріне, жартас кешендеріне және қасиетті орындарына баратын келушілер үшін ашық.

    Бұл орталық логистика мен қауіпсіз маршруттарға қолайлы жағдай жасайды. Жаз мезгілі — Маңғыстаудың ерекше табиғаты мен тарихи кеңістігін тануға таптырмас кезең.

    Жазғы демалыста қайда баруға болады: Қазақстанда демалуға арналған үздік бес орын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.