Су астындағы қала және мегаполистегі джунгли: Дубай қазақстандық туристерге не ұсынады
Опубликовано:

Заманауи қазақстандық саяхатшылар үшін стандартты пакетті турлар мен қарапайым экскурсиялар қызық емес. Бүгінде отбасылар жайлылықпен қоса, көңіл көтеретін және ерекше әсер сыйлайтын бағыттарды іздейді. Мұның бәрі Дубайдан табылары анық. Алматыдан ұшсаңыз да, Астанадан ұшсаңыз да, бұл ерекше қала жасы мен талғамына қарамастан барлық туристке қызықты саяхат ұсынады. Сол себепті қазақстандық отбасылардың таңдауы Дубайға жиі түседі. Саяхат кезінде қайда бару керек және нені міндетті түрде көрген дұрыс деген сауалдарға жауап беріп көрелік.
Операдан шөл далаға дейін

Расымен де ерекше әсер сыйлайтын жерге барғыңыз келсе, саяхатыңызды Дубай Операдан бастаңыз. Дубайдағы көптеген көрнекі жер секілді опера театры да бірегей, ол көрермендеріне адам сенгісіз және таңғаларлық көріністер қояды. Бұл сахнада түрлі қойылым қойылады – "Лебединое озеро" балетінен бастап, комедиялық шоулар мен оркестр концерттеріне дейін назарға ұсынылады.
Қойылымдар футурустикалық сәулет өнері мен араб мәдени мұрасымен сәтті үйлесіп тұрған дәстүрлі доу қайығы түрінде салынған ғимаратта өтеді. Ал шатырындағы мейрамхана Бурж Халифа мен Дубай фонтанын тамашалай отырып, кешкі ас ішуге арналған таптырмас тамақтанатын жер саналады.
Қаланың екінші бір бөлігінде шөл дала орналасқан. Ал бұл мүлдем басқа, естен кетпес әсер сыйлайтын орын. Отбасыңызбен бірге сафариге аттаныңыз: сіз онда түйелерге мініп, квароциклдарге отырып, сэндбортармен құм төбелерден сырғанай аласыз. Күн ұясына батып, құм төбелердің артына тығыла бастаған шақта сіз аутентикалық бәдәуилердің лагеріне бас сұға аласыз. Онда дәстүрлі кешкі ас ұсынылып, жанды дауыста ән айтылып, отты шоу қойылымдары өтеді. Бұл жергілікті халықтың мәдениетіне терең бойлауға мүмкіндік береді.
Love Lakes және басқа әлемге ену

Романтикаға жаны құмар жандар Әл-Кудра шөлінде орналасқан Love Lakes көлдеріне барса болады. Бұл екі көл бір-біріне жанасып тұрған екі жүрекше формасында болғандықтан, атауы да өзіне сай қойылған. Бүгінде бұл табиғатта демалуға арналған таптырмас орынға айналған. Мұнда пикникке шығып, жағалауда қыдырып немесе арнайы жабдықталған судағы платформалар аясында суретке түсуге болады.
Экстрим мен адреналин сүйетіндер үшін мегаполис ең терең Deep Dive Dubai бассейнін ұсына алады. Бұл бірегей дайвинг-нысанның әлемде баламасы жоқ, оның тереңдігі 60 метрге жетеді.
Оның басты ерекшелігі – бұл толығымен қайта жаңғыртылған су асты қаласы, су астына саяхат жасаған кезде қаланы мұқият зерттеуге болады.
Түрлі деңгейде тақырыптық аймақтар жасалған. Мәселен, су астындағы пәтер, кітапхана, дала қасбеттері, тіпті ойын автоматтары да қойылған. Орталық енді үйреніп жүргендерге де, сондай-ақ кәсіби сүңгуірлерге де қызметін ұсынады. Бұл жерде тереңге сүңгуді үйреніп, алғаш рет су астына түсуге немесе қауіпсіз ортада машықтарыңды шыңдауға болады.
Биіктен қаланы тамашалау
Кешкі уақытта The View at The Palm алаңшасына шығып, керемет қала көріністерін тамашалай аласыз. Бұл алаңқай 240 метр биіктікте орналасқан және туристер Пальма Джумейра, Atlantis қонақүйі, Бурж-Аль-Араб, Бурж-Халифа және Дубайдағы аспанмен таласқан зәулім ғимараттарды биіктен тамашалауға мүмкіндік береді. Бұл жер отбасылық селфиге арналған ерекше орын.
Балаларға арналған тақырыптық парктер

Дубайда әлемдегі ең үздік бірнеше жабық көңіл көтеру паркі орналасқан. Соның арқасында жылдың кез келген мезгілінде ол туристер үшін таптырмас демалыс орны саналады.
Motiongate Dubai паркіне жол түссе, Голливудқа барғандай күй кешесіз. Онда "Шрек", Мадагаскар" сынды танымал фильмдер желісі бойынша салынған акттракциондардың сан түрі бар.
IMG Worlds of Adventure алып шатырының астында суперкейіпкерлер, динозаврлар мен мультфильмдер кейіпкерлері "жанды кейіпке" енеді. Парк тақырыптық аймақтарға бөлінген, оның ішінде Marvel, Cartoon Network және Lost Valley бар. Даладағы аптап ыстыққа қарамастан, кондиционер жүйесінің арқасында парк іші салқын және жайлы.
Футбол жанкүйерлеріне арналған орын және қаладағы джунгли

Real Madrid World – футбол жанкүйерлеріне арналған жаңа және әсерлі орын. Мұнда сіз өзіңізді кәсіби ойыншы ретінде сезініп, чемпион секілді жаттыға аласыз, трофейлер бөлмесіне кіріп, клубтың аңыздарымен айрықша фотоаймақтарда естелікке суретке түсе аласыз.
Дубай орталығындағы төбесі жабық Green Planet тропикалық орманында шудан демалуға болады. Төрт қабатты оазисте толыыққанды экожүйе жасалған: мұнда ағаштар мен экзотикалық өсімдіктер өседі және жануарлардың 3000 түрі бар. Келушілер тотықұстарды, жәндіктерді көріп, нағыз тропикалық найзағайға куә бола алады.
Қызыққұмар балаларға арналған интерактивті көңіл көтеру орындары

Жаңа дүниелерді зерттеп, білуге құмар балалар мен жасөспірімдерге OliOli интерактивті музейі ұнары анық. Кеңістік сегіз тақырыптық галереяға бөлінген, оның ішінде Су галереясы, Ауа галереясы, өрмелеуге арналған бірнеше деңгейлі тор бар. Мұнда балалар көліктер құрастырып, ұшатын нысандарды ұшырады, арт-нысандар жасап, физиканы зерттей алады.
Жақында Dubai Mall-да отбасылық демалысқа арналған Boo Boo Laand кеңістігі ашылды. Бұл жер 1 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға арналған. 2300 шаршы метрге тең алаңда 30-дан астам ойын-сауық түрінен тұратын 4 аймақ бар: қар паркі, рөлдік ойындар, VR-аттракциондар, өрмелеуге арналған орындар, футбол алаңы және құрылыс аймағы. Мұнда батутта секіріп, төбешіктерден сырғанауға, тіпті шағын дискотека ұйымдастыруға болады. Ата-аналар үшін кафесі мен нейл-спасы бар демалыс аймағы қарастырылған. Сондай-ақ Boo Boo Laand жеке сценарийлері, анимациялары мен шеберлік сыныптары ойластырылған мерекелік шаралар үшін де таптырмайтын жер.
Неге қазақстандық отбасылар демалу үшін Дубайды таңдайды
Дубайда түрлі көңіл көтеру мен ойын-сауық орындары - кинематографиялық шоулар мен шөл даладағы лагерьлерден бастап төбесі жабық джунглилер мен фильмдер желісі бойынша жасалған аттракциондарға дейін бір жерде шоғырланған. Ал тікелей рейстер, бүтін отбасыға арналған қонақүйлер мен төрт мезгіл бойы күннің ыстық болатынын ескерсек, қазақстандық отбасылардың бүйрегі неліктен осы бағытқа бұрып тұратынын топшылауға болады.
Қысқы демалысты жоспарласаңыз немесе балалардың демалатын кезін күтіп жүрсеңіз, қуаныш пен естеліктерге, естен кетпес әсерлерге толы демалысты Дубай сыйлайтыны сөзсіз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/leisure/entertainment/2261961-su-astyndagy-qala-zhane-megapolistegi-dzhungli-dubai-qazaqstandyq-turisterge-ne-usynady/