Алматыда "Музей түні-2026" акциясы аясында қайда баруға болады: тегін іс-шаралар тізімі
Жарияланған күні:
Алматыда 18 мамырда "Музей түні – 2026" акциясы өтеді. Жыл сайын Халықаралық музей күні қарсаңында өтетін акция аясында тұрғындар музейлерде өтетін тегін іс-шараларға қатысып, сағат кешкі алтыдан түнгі он екіге дейін шаһардың үздік мұражайларын аралай алады. Centralmedia24 басылымы бұл күні қандай іс-шаралар өтетінін назарға ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мұражайлар тізімі және шаралар:
Алматы мұражайы (Қабанбай батыр көш., 132):
- "Қазақ киносының маржаны – Қыз Жібек" көрмесі (актерлер мен авторлардың жеке заттары).
- Театландырылған экскурсиялар, "Алматы – махаббатым" спектаклі.
- Керамика, бейнелеу және зергерлік өнер бойынша шеберлік сағаттары, ЖИ (AI) фотоаймағы.
- "Алматы кеші" концерті (19:00–23:00) және ашық аспан астындағы кино көрсетілімі (23:15).
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы (Зенков көш., 24а):
- "Уақыт айнасы: музейге 45 жыл" көрмесі.
- Тарихи тұлғаларға (Құрманғазы, Қорқыт, Біржан саол) ден қойылатын экскурсиялар, музыкалық аспап жасаудан шеберлік сағаттары.
- Этно-фольклорлық ұжымдардың концерті (20:00–22:00) және кино көрсетілімі (23:00).
Нұрғиса Тілендіев атындағы мемориалдық мұражай (Қонаев көш., 96):
- "Отырар сазы" оркестрі мен эстрада жұлдыздарының концерті (18:00–23:00).
- "Нұрғиса сазы – ұрпаққа аманат" күйшілер байқауы (21:00) және танымдық ойын.
Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығы (Нұркент ықшамауданы, 5/11):
- Театландырылған экскурсиялар мен аспап жасау шеберлік сағаттары.
- Тарихи тұлғалардың ұрпақтары өткізетін "Еш жерде айтылмаған сыр-сұқбат" экскурсиясы.
- Дәстүрлі музыка орындаушыларының концерті (20:00).
Д. А. Қонаев атындағы мемориалдық мұражай (Төлебаев көш., 117):
- "Құрметті Дінмұхамед Ахметұлы" хаттар көрмесі, "Ойлан да, тап!" ойыны.
- "Д. А. Қонаевтың сүйікті әндері" кеші (19:00) және Қонаевтың замандастарымен және туысқандарымен кездесу (21:00).
Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі (Төлебаев көш., 125):
- Жазушының жеке заттары мен архивтік материалдарын музей қорына тапсыру (18:30).
- "Абайдың 17 қара сөзі" спектаклі, квест-ойындар, шахматтан блиц-турнир.
- Жасанды интеллект арқылы жасалған С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің цифрлық бейнелерімен интерактивті кездесу.
Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай үйі (Төлебаев көш., 130):
- Ғ. Мүсірепов атындағы театрдың актерлерімен кездесу (18:30).
- "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" қойылымы (19:30) және қазақ киноклассикасының көрсетілімі.
Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйі (Байтұрсынұлы көш., 60):
- "Алаш арыстары" фотокөрмесі, "Ахметке хат" акциясы, алаштанушы ғалымдармен кездесу.
- А. Байтұрсынұлы әндері шырқалатын концерт және "Әлихан мен Ахмет аманаты" спектаклі.
Алматы галереясы (Достық даңғылы, 44):
- Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған "Земля, поклонись человеку" көрмесі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/leisure/entertainment/2376618-almatyda-muzei-tuni-2026-aktsiiasy-aiasynda-qaida-baruga-bolady-tegin-is-sharalar-tizimi/