jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстан азаматтары енді Индонезияға визасыз саяхаттай алады

    Төлқұжат ұстап тұрған ер адам
    Төлқұжат ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

    2026 жылғы шілде айынан бастап, Қазақстан азаматтары Индонезия Республикасына 30 күнге дейін визасыз кіре алады. Визасыз режимнің мән-жайын ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов апталық брифингте айтып берді, деп хабарлайды kazinform.

    Ресми өкілдің айтуынша, визасыз режим енгізу туралы шешім қабылдау кезінде Индонезия тарапы өзара түсіністік қағидатын басшылыққа алды.

    "Бұған дейін Қазақстан Индонезия азаматтарына Қазақстан аумағына визасыз кіру және 30 күнге дейін болу құқығын берген болатын. Осылайша екі ел азаматтары үшін отыз күнге дейінгі мерзімге визасыз кіру және болу режимі қолданылады", - деді Жанболат Үсенов.

    Индонезия тарапы белгілеген талаптарға сәйкес, визасыз кіру тегін жүргізіледі және елге бір рет кіруге мүмкіндік беріледі. Ел аумағында болудың рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі — келген күннен бастап, 30 күнді құрайды.

    Сонымен қатар, 2025 жылғы 1 қазаннан бастап, шетелден Индонезияға келетін барлық жолаушы all Indonesia бірыңғай электронды декларациясын толтыруға міндетті. Электронды декларацияны толтыру тегін және оны Индонезияға келгенше алдын-ала рәсімдеуге болады.

    Қазақстан азаматтары енді Индонезияға визасыз саяхаттай алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram