Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 2021 жылы жалақы мен зейнетақы қанша болады

Опубликовано:

ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42 500 теңге деңгейінде бекіту жоспарланып отыр. Бұл туралы "2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында айтылған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Тиісті құжатқа сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан:

  • ең төменгі жалақы – 42 500 теңге;
  • ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы – 18 524 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге;
  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн ең төменгі күнкөрiс деңгейiн – 34 302 теңге мөлшерінде бекіту жоспарланып отыр.
"Жасына байланысты зейнетақыға және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаржы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың мөлшерін 7 пайызға көтере отырып ескерілген", - делінген заң жобасының мәтінінде.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін мемлекет жарнасының мөлшері – жарнаны есептеу объектісінен 1,6 пайыз деп белгiлеу ұсынылды.

Қазіргі уақытта ең төменгі зейнетақы 40 441 теңгені құрайды. 

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, "2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы 2020 жылдың 4 қыркүйегіне дейін талқыланбақ.

Еске сала кетсек, осыған дейін отандық сарапшылар коронавирус індеті ел экономикасына қалай әсер ететітін айтқан болатын.

Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда жыл соңына дейін 700 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін екенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1870572-kazakstanda-2021-zyly-zalaky-men-zejnetaky-kansa-bolady/

pixel