Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қай кәсіпорындардың басшысы ең көп жалақы алады

Опубликовано:

Депозит
Көрнекі фото: fingazeta.ru

Қазақстанда қай саладағы кәсіпорындар жетекшісі ең көп жалақы алатыны белгілі болды деп хабарлайды Ranking.kz.

Сарапшылар осы жазда еңбек нарығына зерттеу жүргізген.

Порталдың деректеріне сүйенсек, есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлердің құрылымы осылай көрінеді:

45 000 теңгеге дейін - 1,8% жұмысшы;

45 мыңнан 105 000 теңеге дейін - 30,8%;

105 мыңнан 210 000 теңгеге дейін - 39,2%;

210 мыңнан 300 000 теңгеге дейін - 14,2%;

300 мыңнан 420 000 теңгеге дейін - 7,2%;

420 мыңнан 600 000 теңгеге дейін - 3,6%;

600 мыңнан 750 000 теңгеге дейін - 1,2%;

750 мыңнан 900 000 теңгеге дейін - 0,6%;

900 000 теңгеден жоғары - 1,4% жұмысшы.

Инфографика
Инфографика: ranking.kz
Порталдың мәліметінше, жетекшілер мен мемлекеттік қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 354,5 мың теңгені құраған.

Кәсіби мамандар әлдеқайда аз алады - шамамен 215 мың теңге. Көмекші кәсіби қызметкер мен маман техниктердің орташа жалақысы одан да төмен - 165 мың теңгеден сәл асады.

Біліктілігі жоқ жұмысшылар орташа есеппен 83 мың теңге алады.

Қазақстандық ұйым басшыларының айлығы орта есеппен 518 мың теңгеден асады.

Сондай-ақ экономиканың әртүрлі салаларындағы басшылардың жалақысы әртүрлі болатындығы атап өтілген.

Ал елде ең көп табыс табатындар - тұрғын үй бойынша орналастыру және тамақ қызметтерін ұсыну саласындағы кәсіпорындардың басшылары болып шыққан. Бұл саладағы орташа табыс 1,8 млн теңге шамасында.

Үздік үштіктің қатарына жетекшілері айына шамамен 1,3 млн теңге алатын тау-кен өндірісі кәсіпорындары және орташа айлық табысы 1,1 млн теңгеге тең қаржылық және сақтандыру қызметі енген.

Ал ең аз жалақы алатындардың қатарында мемлекеттік басқару, қорғаныс, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты ең маңызды әлеуметтік салалардағы кәсіпорындардың басшылары, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының басшылары бар.

Мұндағы жетекшілердің жалақысы сәйкесінше 27 мың, 280 мың және 324 мың теңгені құрайды.

Инфографика
Инфографика: ranking.kz

Егер өңірлерге келер болсақ, онда айлық табыс Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау облысында жоғары.

Жамбыл, Қостанай сондай-ақ СҚО-дағы ұйым басшылары ең төмен жалақы алады.

Инфографика
Инфографика: ranking.kz

Еске сала кетек, бұған дейін қазақстандық судьялардың ай сайын қанша теңге алатыны белгілі болды.

Сонымен бірге "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айына қанша жалақы алатынын мәлім еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1881965-kazakstanda-kaj-ksiporyndardy-bassysy-e-kp-zalaky-alady/

pixel