Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық судьялардың ай сайын қанша жалақы алатыны белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

ОКҚ өткен онлайн-брифингте Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Қазақстанның судьяларының айлығы қанша екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдос Сәдуақасовтың хабарлауынша, елімідің соттарындаи жалпы алғанда 2400 судья жұмыс істейді. Осы сағатқа 14% бос орындар белгіленді.

Айтуынша, бұл судьяларды іріктеу процедурасының өзгертілуімен байланысты.

"Жалақысына байланысты ешқандай құпия жоқ. Аудандық сот судьясының айлығы еңбек өтіліне байланысты, орташа 400-500 мың теңгені құрайды. Ал облыстық сот судьяларының айлығы 600-700 мың теңге. Жоғарғы сот судьялары 800-900 мың теңге алады. Жалақы мөлшері судьяның еңбек өтіліне байланысты болатынын түсінулеріңіз керек", - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айына қанша жалақы алатынын мәлім еткен еді.

Есқалиевтің сөзінше, оның айлық табысы 1 млн 300 мың теңге. Ал оның орынбасары 900 мың теңге көлемінде жалақы алады.

Басқарушыларының айлығы 450 мың теңгеден 650 мың теңгеге дейін екен.

Айта кетсек, осы уақытқа дейін бірнеше шенеунік өздерінің жалақысын жария еткен еді. Мәселен, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың айлық табысы 387 мың теңге.

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев салықтар мен зейнетақы аударымдарын шегергенде қолына 380 мың теңге алатын болып шықты.

Осыған дейін жалақыға қатысты сұраққа Қостанай қаласының әкімі де жауап берген болатын. Шаһар басшысының cөзінше, ол айына 484 мың теңге алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1881229-kazakstandyk-sudalardy-aj-sajyn-kansa-zalaky-alatyny-belgili-boldy/

pixel