RU

Министр кредит алатындарға қатысты жақсы жаңалық жеткізді

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда микроқаржы ұйымдары банктерге теңестіріледі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жаңа заң жобасының нормасын түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Дәленов мәжілістің жалпы отырысында айтты.

"Менің ойымша, осы норманың арқасында несие алатындардың жағдайы жақсарады. Мысалы, банктік емес секторға кіретін ұйымдар халыққа кредит береді, бірақ мөлшерлемелері жоғары, айыппұлдары мен комиссиялары да көп", - деді ол.

Министрдің сөзінше, қазіргі кезде қарызға ақша алатындардың арасында қаржылық тұрғыда сауатсыз адамдар да кездеседі. Ал микроқаржы ұйымдары осыны пайдалануы ықтимал. Ондайда азаматтар құқығы бұзылады. Соның нәтижесінде қаржылық тәуекелдер туындап жатады.  

"Енді, микроқаржы ұйымдарын қаржы ұйымдарына теңестіру ұсынылып отыр. Олар реттеледі. Кредиттің шекті мөлшерлемесі бойынша талап қойылады деген сөз. Жетекшілеріне және акционерлерге ұйымды жабдықтау жағынан міндеттер белгіленеді. Ал уәкілетті орган, яғни, қаржы нарығын реттеу агенттігі лицензияланатын қызметтерді тексеретін болады. Бұның барлығы кредит алатындардың құқығын қорғайды және қаржылай тәуекелдерді азайтады", - деді Дәленов. 

Еске салсақ, Қазақстанда қарыз алушылар үшін кредиттік рақымшылық жасау туралы ұсыныс қолдау таппады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминнің "Халық коммунистері" фракциясы депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған еді.

Сондай-ақ белгілі бизнесмен Бекет Әбішев карантиннен кейінгі кезең шаруалар мен диқандарға қалай әсер еткенін айтты.

Кәсіпкердің мәліметінше, індеттің салдары отандық экономикаға салдарын тигізбей қоймаған. Алайда аталған тығырықтан да шығатын жол бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1883055-ministr-kredit-alatyndarga-katysty-zaksy-zaalyk-zetkizdi/