Қоғам белсендісі зейнетақы қорындағы ақшаның бес жылда таусылуы мүмкін екенін айтып дабыл қақты
Жарияланған күні:
Белгілі қоғам белсендісі Әлия Садырбаева еліміздің зейнетақы жүйесіндегі дау-дамайларды тізіп берді. Ол қордағы қаражат енді бес жылдан соң зейнетақы төлеуге жетпейтінін айтып дабыл қақты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.
Әлия Садырбаеваның жазбасы желіде ұзақ пікірталасқа ұласты. Азаматтар маңдай терімен тапқан ақшасының қайда кетіп жатқанын еске алып, қынжылды. Қоғам белсендісі әлемде зейнетақы жинақтау қорының қалай жұмыс істейтініне тоқталды.
"Дүниежүзінде зейнетақы қорлары азаматтардың зейнетақы аударымын жинақтау масқатында құрылады. Іс жүзінде банк пен инвестициялық қорға ұқсас жүйе. Яғни азаматтар аударған ақшасынан азын-аулық пайда көруі тиіс. Ал бізде ол жоқ", - деп жазады Әлия Садырбаева.
Оның сөзінше, қазақстандық зейнетақы жүйесі құрылғалы бері дау-дамайдан арылмай келеді.
"2015 жылы, барлық жекеменшік зейнетақы қорлары БЗЖҚ-на біріккен тұста өте қызық жағдайда 90 млрд теңге жоғалып кетті. Бұған "хош" дедік!
БЖЗҚ қаржысынан 15 млрд теңге ЭКСПО-2017 көрмесіне жұмсалды. 2016 жылы 3 млрд теңге банкрот болған Қазинвестбанкпен бірге көзден бұл-бұл ұшты. 71 млрд теңге Әзербайжанның халықаралық банкінде қалды. "Qazaqбанк" 10 млрд теңгені қайтармады. "Дельта банк" 9 млрд теңге қарыз болды. 7,5 млрд теңге Астана Банкінің мойнында. "Эксимбанкте" - 15,5 млрд теңге кетті!
Достар, бұлар БЖЗҚ-ның жабылған банктерде кеткен депозиттері!", - дейді ол.
Қоғам белсендісі БЖЗҚ-ның 2020 жылы шілдеге дейін екінші деңгейлі банктерге берген қарызы 1 триллион 184,6 миллиард теңге болғанын айтты.
"Бұл банктерге берген 1,5 трлн теңгедей "жай көмекті" есептемегендегі сома. Ал тура сол ақшаны бізге банктер үстінен 20, 30, тіпті 50% қосып кредитке беруде.
Квазимемлекеттік сектордағы компаниялар да зейнетақы қорына 1,9 млрд қарыз "Казагро" БЖЗҚ-на 648млрд теңге берешек!
БЖЗҚ осы тығырықтан шығудың жолын тапты. Мемлекет зейнетақы жинағымызды алған жағдайда бізден 10% жеке табыс салығы ретінде ұстап қалмақ. БЖЗҚ-ның ең басты демеушісі қарапайым халық!", - деген маман үкіметте отырған қаржы сарапшыларының сынға алды.
Әлия Садырбаева ұлттық зейнетақы жүйесін басқарудағы қателіктерді бетке басып, оның барып тұрған қылмыс екенін айтты.
Қоғам белсендісінің сөзінше, енді бес жылда зейнетақы қорындағы жинақ азаматтардың зейнетақысын төлеуге жетпей қалады.
Еске сала кетсек, президент халыққа жолдауында қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін 2021 жылдан бастап пайдалана алатынын айтқан еді.
Кейін зейнетақының бір бөлігін алу кезінде бір реттік табыс салығын төлеу қажеттілігі белгілі болды.
Бұл өз кезегінде қоғамда резонанс тудырып, сенаторлар табыс салығын кейін төлеуге мүмкіндік беретін кодекске түзетулер енгізу жайлы құжатты қабылдады.
Оған сәйкес зейнетақы жинағының бір бөлігін алған адамға салықты бірден төлеуге емес, зейнетке шыққаннан кейін бірнеше жыл ішінде біртіндеп төлеуге рұқсат берілмек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1885199-kogam-belsendisi-zejnetaky-koryndagy-aksany-bes-zylda-tausyluy-mmkin-ekenin-ajtyp-dabyl-kakty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.