Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы қорынан ақша алу үшін қойылған жеткіліктілік шегі жаңарды

Жарияланған күні:

Зейнетақы жинағы
Көрнекі фото: zhaikpress.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегіне қатысты деректер жаңарды. Қазақстан азаматтары бұл ақшаны баспана мен емдеу ақысына жұмсай алады.

Жаңартылған жеткіліктілік шегі төменде көрсетілген.

Жеткіліктілік шегі
Жеткіліктілік шегі. Скриншот: www.enpf.kz

Жеткіліктілік шегі
Жеткіліктілік шегі. Скриншот: www.enpf.kz

Айта кетсек, 2 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған болатын.

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасады. Жолдауы барысында перзидент 2021 жылы 700 мыңдай қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алуға, оқуға немесе денсаулығы үшін пайдалана алатынын айтты.

Кейін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеткіліктілік шегі бар ел тұрғындары зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалана алатыны белгілі болды.

Олар:

  • Зейнетақы жинағы бар, қордағы ақшасы "жеткіліктілік шегінен" асатын еңбекке жарамды жастағы азаматтар – 529,7 мың адам;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинағы бар зейнеткерлер – 178,4 мың адам;
  • Зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және шотында жинағы қалған қазақстандықтар – 13,3 мың адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1892528-zejnetaky-korynan-aksa-alu-sin-kojylgan-zetkiliktilik-segi-zaardy/