Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде баспана үшін зейнетақы жинағынан ақша алу ережелері жарияланды

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидаларын жариялады.

Бұл ережелер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген.

Құжатта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қандай мақсаттарға пайдалануға болатыны тізбектелген.

Құжатқа сәйкес, алушының меншігінде тұрғын үйдің болуы біржолғы зейнетақы төлемдерін алудан және пайдаланудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы осы Қағидаларда көзделген мақсаттарға жеткіліксіз болған кезде меншікті қаражатын пайдалануға жол беріледі.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін алушының жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға пайдалануға жол берілмейді.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті 5 (бес) жыл ішінде сатуға жол берілмейді.

Алушы қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған мақсаттарға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар түскен күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде Отбасы банкіне ұсынады.

Растайтын құжаттар белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Құқықты басқаға беру кезінде біржолғы зейнетақы төлемдері растайтын құжаттар ұсынылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің арнайы шотынан алушының арнайы шотына аударылады.

Отбасы банк алушы ұсынған біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсаты бойынша құжаттарды олар берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тексереді және біржолғы зейнетақы төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады

Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1895050-elimizde-baspana-sin-zejnetaky-zinagynan-aksa-alu-erezeleri-zarialandy/

pixel