Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда баспана үшін зейнетақы жинағының бір бөлігі алуға өтінім қабылдау басталды

Опубликовано:

ноутбук
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін берілетін зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары көрсетілген заңға сәйкес қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін алу құқығы беріледі.

Өтінімді enpf-otbasy.kz арнайы порталы арқылы онлайн режимде беруге болады. Өтінім екі күн ішінде қаралады. Бұл процессте "Отбасы банкі" оператор болмақ. Сондай-ақ банк зейнетақы жинағынан ешқандай комиссия ұстамайды.

Өтінім беру үшін азаматтарға электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Зейнетақыдан алуға болатын сома жеткіліктілік шегіне тікелей байланысты болады.

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге алудың барлық ережелері 21 қаңтарда жарияланды.

Зейнетақыдағы қаражатты БЖЗҚ-ның ресми сайты арқылы, eGov электронды үкімет порталымен, eGov Mobile қосымшасы немесе СМС хабарлама арқылы тексеруге болады.

Сонымен бірге "Отбасы банкі" зейнетақы жинағын алуға байланысты азаматтардың сауалдарына жауап берді.

Одан бөлек, банк басшысы зейнетақыдағы ақшаны емделу үшін қашан алуға болатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1895285-kazakstanda-baspana-sin-zejnetaky-zinagyny-bir-bligi-aluga-tinim-kabyldau-bastaldy/

pixel