Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ел тұрғындарына сыйақы беріледі: Министрлік не істеу керектігін хабарлады

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Қаржы министрлігі чек берілмегені туралы хабарлаған азаматтарға сыйақы төленетінін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ереже жобасы online.zakon.kz-те жарияланды.

Құжатқа сәйкес, хабар берген адамға мың теңге төленбек. Алайда бұл жағдай расталуы тиіс.

Хабарлама мемлекеттік кірістер жөніндегі аумақтық органдарға жіберілуі керек. Бұл үшін ұялы телефонды қолдануға болады. Сонымен қатар, арыз толтыру жолы да қарастырылған. Міндетті түрде мынадай ақпарат болуы қажет:

  • болған жайтты растайтын видео дәлел;
  • жеке кәсіпкерлік субъектісін анықтауға болатын ақпарат (нысанның мекенжайы, атауы, сауда орнында орналасқан жері (қабат, бутик нөмірі), базардағы орны);
  • өтініш берушінің аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі.

Бұл талапқа сәйкес келмейтін хабарламалар қарастырылмайды.

Болған жайт расталса, кәсіпкерді әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 284-бабына сәйкес ("бақылау-кассалық машинаны қолдану тәртібін бұзу") жауапқа тарту көзделген. Бұл бап бойынша ескерту жасалады. Ал жағдай қайталанса, айыппұл салынады.

Жобаны іске асыру үшін бюджеттен 26 645 000 теңге (63 мың доллардан астам) бөлінетіні айтылып отыр.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Біріккен риэлторлар қауымдастығының президенті Лариса Степаненко зейнетақы жинағының ақшасына үйді қай уақытта сатып алған тиімді деген көптің көкейіндегі сұраққа жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1896440-el-trgyndaryna-syjaky-beriledi-ministrlik-ne-isteu-kerektigin-habarlady/

pixel