Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Алексей Навальный
Алексей Навальный. Фото: Getty Images

Мәскеу соты Алексей Навальный ісі бойынша шешім шығарды. Ресейлік оппозиционер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Life Shot Telegram-каналының мәліметінше, саясаткердің үй қамағында және тергеу изоляторында отырған күндері есепке алынады.

Сондықтан ол колонияда 2 жыл 8 ай жазасын өтейді.

Айта кетейік, Алексей Навальныйға қатысты сот отырысы Мәскеу уақытымен бүгін 11:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де) басталды.

Азаттықтың мәліметінше, Навальныйдың үстінен Қылмыстық жазаны атқару федералдық қызметі (ФСИН) шағым түсіріп, соттан Навальныйдың "Ив Роше" ісі бойынша үш жарым жылдық шартты жазасын түрме жазасына ауыстыруды сұраған (Саясаткер 2014 жылы "Ив Роше" компаниясынан ақша жымқырды деп 3,5 жылға шартты жаза алған еді).

ФСИН оппозиционерді үш жарым жылдық шартты жаза аясында "полицияға келіп белгілену шартын бұзды" деп айыптаған.

Ал сотта Навальный Берлиндегі ауруханада емделіп жатқандықтан "полицияға келе алмағанын" айтқан.

"Комада жаттым, денсаулық жағдайым мен жатқан жерім жайлы барлық құжатты жібердім. Кейін ұшақпен [Ресейге] келдім. Тағы не істеуім керек еді? Үйіме келгенде болмады дейсіздер. Әрине, үйде болмадым. Тағы не істей аламын?", - деген Алексей Навальный сотта.

Оппозиционердің бұл сөзіне ФСИН өкілі "ведомство сайтында көрсетілген телефонға хабарласу керек еді" деп жауап берген.

Басылымның жазуынша, Алексей Навальный былтыр тамызда Томск қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқанда жағдайы күрт нашарлап, Омбы қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Кейін оның уланғаны белгілі болды. Ес-түссіз жатқан Навальный Германия билігі жіберген арнайы ұшақпен Берлинге жеткізіліп, сол жақта бірнеше ай емделген.

17 қаңтарда ол Германиядан Ресейге оралды. Ресей полициясы Навальныйды Мәскеудегі Шереметьево әуежайынан ұстап әкетті. Осы күні полиция Навальныйды күтіп алуға келген жетпіске жуық адамды ұстады.

18 қаңтарда сот Навальныйды 30 күнге қамауға алу туралы санкция берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1896985-resejlik-oppozicioner-aleksej-navalnyj-35-zylga-bas-bostandygynan-ajyryldy/

pixel