Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір доллардың бағасы 433 теңге дейін көтерілді

Опубликовано:

теңге мен доллар 1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде доллар тағы да қымбаттай бастады. Бүгінгі сауда-саттықта бір АҚШ валютасы 430,69 теңгеге дейін жеткен. Мұндай деректерлі Қазақстан қор биржасының ресми сайты келтіріп отыр. Сонымен бірге айырбастау нүктелеріндегі доллар бағасы 423 теңгеден 433 теңгеге дейін жетіп отыр.

Қор биржасының дерегінше, соңғы 30 күнде доллар 10,91 теңгеге қымбаттаған. Ал өткен тәуліте 1,56 теңгеге өскен.

NUR.KZ порталының айырбастау бағамы парақшасындағы деректерге сүйенсек, 7 сәуір күні Алматыдағы айырбастау нүктелері мен екінші деңгейлі банктерде доллар 425,3-433,5 теңге аралығында сатылуда. Сондай-ақ бір америкалық долларды 423,8-430,5 теңге аралығында сатып алуда.

Нұр-Сұлтанда бір долларды 424-433,5 теңге аралығында сатып алуға болады. Сонымен бірге 423-429,8 теңге аралығында сатуда.

Ал еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында бір АҚШ валютасын 432,2-433,5 теңгеден сатып алып жатыр. Ал 428,5-429,8 теңге аралығында сатуға болады.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдаған еді.

Мемлекет басшысына биылғы жылдың І тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы туралы баяндалды. Ұлттық банк төрағасы әлемдік экономиканы қалпына келтіру барысында негізгі ықтимал сын-қатерлер жайында айтты.

Президентке еліміздің 2020 жылға арналған төлем балансы, жалпы халықаралық резервтердің жағдайы, алтын қорын хеджирлеу тәсілдері жөнінде мәлімет берілді.

Ерболат Досаев мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және Ұлттық төлем жүйесін құру тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндап, тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1906724-elimizde-bir-dollardyn-bagasy-433-tenge-deiin-koterildi/

pixel