Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсет Ерғалиев Қазақстан экономикасы қандай жағдайда екенін айтты

Опубликовано:

Депозит
Көрнекі фото: fingazeta.ru

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстан экономикасы қандай жағдайда екенін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 "2021 жылғы қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны өткен жылғы наурыздан бері алғаш рет 0,7%-ті құрады. Қазақстан экономикасы өсімнің қалпына келу серпініне өтуде. Қызмет көрсету саласының өсуі жақсарды. Ішкі сұраныс жақсаруда", – деді Ерғалиев үкімет отырысында.

Айтуынша, өңдеу өнеркәсіп салаларында серпінді және тұрақты өсім байқалады. Қызмет көрсету саласы оң өсімді көрсетіп отыр. Сонымен бірге экономиканың өндіруші емес салаларында негізгі капиталға инвестициялар айтарлықтай өсіп жатыр.

"Жалпы алғанда, экономика өсімінің құрылымында сапалы өзгерістер байқалуда", – деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев елімізде бензин бағасының өсу себебін түсіндіріп берген еді.

"Мұнай өнімдерін тасымалдау тарифтерінің артуы және ішкі ұсыныстың төмендеуі аясында жыл басынан бастап бензин бағасының 11,6%-ке өскені байқалады", - деді Досаев үкімет отырысында.

Айтуынша, биыл сәуірде Қазақстанда инфляция өткен айдағы 7% деңгейінде сақталды.

Азық-түлік инфляциясы нан-тоқаш өнімдері, ет, қант және жеміс-көкөніс бағасы өсімінің төмендеуі аясында 10,7%-тен 9,8%-ке дейін баяулады.

Іскерлік белсенділіктің жандануы, халық кірісінің қалпына келуі, импорттың өсуі нәтижесінде азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,6%-тен 6,4%-ке дейін жеделдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1912046-aset-ergaliev-qazaqstan-ekonomikasy-qandai-zagdaida-ekenin-aitty/

pixel