Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қызметі тоқтайтыны рас па

Опубликовано:

Зейнетақы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде 2022 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу қызметі БЖЗҚ салымшылары үшін қолжетімсіз болады деген ақпарат таратуда. Алайда қор өкілдері Instagram парақшасында бұл мәліметті теріске шығарды.

БЖЗҚ мәліметінше, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға сәйкес, азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін:

Тұрғын үй алуға, емделуге немесе басқарушы компанияларға аудару үшін шектеусіз пайдалана алады.

Бұл ретте зейнетақы жинағындағы қаржы шекті сомадан асу керек.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алған 16 мыңнан астам қазақстандықтың ипотекалық қарызын толық төлегенін мәлім еткен еді.

Одан бөлек, алдағы уақытта зейнетақы жинағының бір бөлігін тағы бірнеше мақсатта пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін.

Олар: жұмыс берушінің ақшасына сатып алынған үйдің қарызын қайтару, тұрғын үй жинағын толтыру, тұрғын үй құрылыс кооперативіне үлестік қатысу келісімшарты негізінде жарна ретінде салу, үйді айырбастау кезінде үстінен қосатын ақша ретінде пайдалану, тұрғын үй сертификаттарының ақшасын қайтару, ауылды жерде үйді сатып алуға немесе салуға берілген бюджеттік кредиттерді қайтару.

Сонымен қатар, зейнетақы жинағының бір бөлігі жекеменшік жер учаскесінде тұрғын үй немесе қосалқы шаруашылықтың құрылысына, жер учаскесін сатып алуға және айырбастауға беріледі деген жоспар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1921710-2022-zyldan-bastap-zeinetaqy-zinagyn-merziminen-buryn-alu-mumkindigi-toqtai-ma/

pixel