Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келер жылдан бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға өседі

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2022-2025 жылдары бюджеттен қаржыландырылатын сала қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20 пайызға өседі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ, бюджеттен қаржыландырылатын өзге сала азаматтары мұнан тыс қалды. Бұлар музей қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалары.

Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады. Тұтастай алғанда, тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді", - дейді президент.

Айта кетейік, осы жолдау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өсіруді тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1929840-keler-zyldan-bastap-byudzet-salasy-qyzmetkerlerinin-zalaqysy-20-paiyzga-osedi/

pixel