RU

Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін 42500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіруді тапсырды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін 42500 теңгеден 60 мың теңге өсіруді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президент парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жолдап жатыр.

Оның барасында мемлекет басшысы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмен жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырды.

"Ең төменгі жалақы мөлшерін қарастыратын уақыт келді. Ол 2018 жылдан бастап өспеді. Коронадағдарыс халықтың табысына салмақ түсіруде. Біз ең төмен жалақы мөлшері бойынша бірқатар ТМД елдерінен артта қалдық. 2022 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырамын", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1929833-toqaev-en-tomengi-zalaqy-molserin-42500-tengeden-60-myn-tengege-kobeitudi-tapsyrdy/