Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

CONTACT сайтындағы ақша аударымын енді ана тіліңізде жасай аласыз

Опубликовано:

CONTACT төлем жүйесі
Фото: CONTACT төлем жүйесі

CONTACT төлем жүйесі өз клиенттеріне үлкен қамқорлықпен қарайды. Мақсаты - ақша аударымдарын жылдам әрі жеңілірек ету.

Енді CONTACT ақша аударымдары жүйесі Қазақстан тұрғындары үшін одан да қолжетімді бола түсті. Ресми сайтта ұлттық тілдегі бөлім пайда болды. Бұдан былай отбасыңыз мен достарыңызға ақша аудару әлдеқайда жеңіл болмақ.

Ақша аудару үшін сізге қажетті қызметті таңдау жеткілікті. Мәселен, картадағы қаражатты бірден әлемнің кез келген банкінің картасына аудару немесе бүкіл әлем бойынша 500 000-нан астам қызмет көрсету нүктесінің бірінде қолма-қол төлеммен қаражат жіберу. Мұны істеу үшін сізге аударымды қабылдайтын елді таңдап, жөнелту сомасы мен валютасын, сондай-ақ жөнелтуші мен алушының аты-жөнін көрсету қажет. Аударыммен жіберілген қаражат сол мезетте-ақ алушыға қолжетімді болады.

Аударым жасалған сәттегі валюта мен аударымды алу кезіндегі валютада айырмашылық болған сәтте, оған арнайы 0% мөлшерлеме қолданылады. Елдердің толық тізімі CONTACT сайтындағы «Акциялар» бөлімінде көрсетілген.

«CONTACT - Ақша аударымдары» қосымшасындағы аударымдар

Бүгінде республикадағы барлық дерлік жергілікті ұялы байланыс операторлары (оның ішінде Kcell, Kar-Tel, Tele2 Kaz) авторизация үшін қолжетімді болуының арқасында, ақша аудару қызметіне мобильді қосымша арқылы да жүгінуге болады.

CONTACT өз клиенттеріне жақынырақ болуға тырысуда. Аударым жасау оңай әрі қолайлы: App Store немесе Google Play Market-тен «CONTACT - Ақша аударымдары» қосымшасын жүктеп алып, телефон нөмірі бойынша авторизация жасау жеткілікті.

CONTACT жүйесі сонымен қатар ұялы байланыс операторларының қызметтерін, мемлекеттік баждарды, сақтандыру, саяхат қызметтерін төлеуге және арнайы бөлімдегі танымал қызметтер үшін одан да көп төлем түрлерін жасауға мүмкіндік береді. Онда сіз, сондай-ақ, қазақ тілі интерфейсін таңдап, барлық операцияларды өзіңізге ыңғайлы ана тіліңізде жүргізе аласыз.

CONTACT жүйесі туралы

CONTACT төлем жүйесі 1999 жылдан бастап іске қосылған. Бұл жақын және алыс шетел елдердің аумағына ақша жіберу және алу бойынша өз қызметтерін ұсынатын алғашқы ресейлік ақша аударымдары мен төлемдер жүйесі. Оның негізгі міндеті - аударымды өз клиенттеріне барынша ыңғайлы және оңтайлы ету.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1932442-contact-saityndagy-aqsa-audarymyn-endi-ana-tilinizde-zasai-alasyz/

pixel