Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баға қайда барады": Атырау тұрғындары нан бағасының қымбаттағанына наразы

Опубликовано:

Нан
Көрнекі фото: pexels.com

Атырауда бұған дейін 100 теңгеден сатылған нан жеке дүкендерде 110, кей жерлерде 115 теңгеден сатылып жатыр. Аймақ тұрғындары күнделікті тұтынатын азықтың қымбаттауы қалтаға салмақ түсіріп жатқанын айтып наразалығын білдірді, деп хабарлайды Астана арнасы.

Екі баласына үкіметтен берілетін көмек ақшаға күнелтіп жүрген жалғызбасты, жұмыссыз ана Галина Ермекшова соңғы кезде ақшасын жеткізе алмай әлек.

Айтуынша, үнемдеуден басқа амалы қалмаған.

"Бүгін 5 теңге, ертең 10 теңге. Баға қайда барады, білмеймін. Біздің үйдің маңындағы дүкенде 105 теңгеден (нан-ред.) сатылып жатыр. Үнемдеп үйренгенмін, қазір қонаққа бармаймын. Қонақ шақырмаймын", – дейді ол.

Қала тұрғындарының сөзінше, күніне 4 қалаш нандай тұтынатын отбасыларға бұл баға қатты әсер етуде. Кейбір тұрғындар кейде нанды үйде пісіреді. Нанды үйден пісіргеннен де пайда шамалы көрінеді. Ұнның да бағасы өскен.

Сатушылардың сөзіне сенсек, 25 келілік жоғары сортты ұн 5 100 теңге тұрады. Бұған дейін 4620 болған. 480 теңгеге өсіп тұр. Бірақ халық алып жатыр екен.

Қазір аймақта 16 наубайхана жұмыс істейді. Оның 10-ы қалада. Наубайханашылар "шығынымыз тым көбейіп, жабылудың алдында тұрғандықтан" бағаны көтердік деп отыр.

"Ұн қымбаттап кетті, шемішкі май қымбат, қант қымбат, қосалқы бөлшектер қымбат. ГСМ қымбат. Олай етпесек қосалқы бөлшектерді жаба алмаймыз. Пешіміз тоқтайды. Жұмысшыларға жалақы бере алмаймыз", – дейді жеке кәсіпкер Айбар Шындыбаев.

Телеарнаның мәліметінше, жергілікті қорда арзан ұн жоқ. Мұны әкімдік өкілдері де растаған. Былтыр меморандум негізінде алынған 10 мың тонна бидай таусылған. Биыл ұн бағасы Қостанайдан қымбат келген.

"Нан бағасының өзіндік құнының артуына байланысты көтеруге мәжбүр болып отыр. Бірақ қазір біздің шекті бағадан асып отырған жоқ", – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Аманкелді Саламат.

Басқарма басшысы жақын күндері "Азық-түлік" корпорациясы арқылы тағы да бидай келетінін жеткізді. Бірақ оның қанша уақытқа жететіні белгісіз.

Б. Нәдірқызы

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бірқатар аймағындағы тұрғындар автогаз тағы қымбаттағанын айтып, наразылығын білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1941205-baga-qaida-barady-atyrau-turgyndary-nan-bagasynyn-qymbattaganyna-narazy/

pixel