Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бензиннің құнымен бірдей": Еліміздің бірқатар аймағында автогаз тағы қымбаттады

Опубликовано:

Бензин41
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның бірқатар аймағында автогаз тағы қымбаттады. Сұйытылған отын кей жерлерде 120 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Мәселен, Семейде сұйытылған газдың бағасы рекордтық көрсеткішке жеткен. Жанармай бекеттерінде бір литрі 120 теңгеден сатылуда. Бұл қымбатшылыққа жүргізушілер наразы. Тұрғындар бұлай жалғаса берсе, газ бағасы бензинмен теңесетінін айтады.

"Семейде газ 120 теңгеден сатылуда. Жазда ғана 78 теңге болатын. Газ АИ-92 бензиннің құнымен теңесуге жақын қалғандай", - дейді Семей қаласының тұрғыны Болат Жүнісов.

Атырауда сұйық отын іздеп шарқ ұрғандар қайтадан бензинге көшіп жатыр. Өйткені баға бір түнде 15 теңгеге өскен.

"Газ енді күнде қымбаттап жатыр ғой. Өткенде 95 болды. Бір күнде 15 теңгеге қымбаттап, 110 теңге болды. Бензиніңмен бірдей болды ғой", - дейді Атырау қаласының тұрғыны Нұрперзент Қапсалықов.

Телеарнаның мәліметінше, мұнай-газдың отаны саналатын Оралда да сұйық газдың бағасы 115 теңгеден түспей тұр. Мұны энергетика министрлігі ай сайынғы бөлінетін квотаның азайып жатқанымен байланыстыруда.

Ал мамандардың айтуынша, бұл қымбатшылықтың басы ғана. Өйткені қазір газ көлемінің 70 пайызы электронды сауда арқылы сатылады. Жаңа жылдан бастап көгілдір отын 100 пайыз алыпсатарлардың қолына өтеді. Сол кезде баға құбылуы мүмкін дейді олар.

"2022 жылғы 1 сәуірге дейін 100 пайыз сауда алаңдары (газ-ред.) арқылы өтеді. Бір айда жоғары болуы мүмкін бір айда төмен болуы мүмкін", - дейді Атырау облысы энергетика және тұрғын үй комуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Назаров.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1941199-benzinnin-qunymen-birdei-elimizdin-birqatar-aimagynda-avtogaz-tagy-qymbattady/

pixel