Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл - құлдырау": Қаржыгерлер зейнетақыны алу үшін шекті мөлшерін көтеру шешіміне пікір білдірді

Опубликовано:

БЖЗҚ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2022 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы жинағынан ақша алу үшін ең төменгі жеткілікті шегі екі есеге көтерілмек. Finance.kz Telegram каналының авторлары мұндай шешімнің кемшін тұсын тізіп берді.

Бұған дейін БЖЗҚ 2022 жылы ең төменгі шекті мөлшер көтерілетінін хабарлаған еді. Егер 2021 жылы 40 жастағы қазақстандықтың шотында 3,42 млн теңге болуы тиіс болса, 2022 жылы бұл сома 5,79 млн теңгеге дейін өседі.

Finance.kz Telegram каналының сарапшылары жеткілікті шекті көтеру "ең нашар шешім" деп есептейді. Олардың ойынша, бұл шешім толықтай қабылданғанға дейін қоғамда ашық түрде талқылануы тиіс еді.

Одан бөлек, мамандар БЖЗҚ жеткілікті шегін көтеру не үшін қажет болғанын тұрғындарға дұрыс әрі түсінікті жеткізуі тиіс еді деп санайды.

"Бұл қордың да, зейнетақы жүйесінің де бүкіл коммуникациялық саясатының құлдырауы", - дейді сарапшылар.

Канал авторларының жазуынша, жеткілікті шегін көтерген соң "байлар байи түседі, ал кедейлер одан сайын кедейлене береді".

"Егер бұрын салымшылардың 7 пайызының артық ақшаға қол жеткізу мүмкіндігі болса, қазір ол 3 пайыздан да аз болады. Зейнетақы жинағының экономикаға әсерін барынша азайтқыларыңыз келсе, бағдарламаны толықтай жабыңыздар", - дейді қаржыгерлер.

Канал авторлары атап өткен тағы бір маңызды жайт, көптеген қазақстандық зейнетақы көлемі жеткілікті шегінен асып, оның бір бөлігін алу үшін заңды түрде жұмыс істей бастаған. Алайда енді бұл мүмкін емес болады.

"Отбасы банкінің" тұрғын үй депозитіне қаражатты аудару туралы заң қабылданғанға дейін шекті мөлшер өсіп кетеді. Осылайша, көптеген салымшылардың наразылығын туындатады. Яғни, зейнетақы үшін заңды түрде жұмыс істей бастағандарға мұның ешқандай оң әсері жоқ" , - дейді сарапшылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1945132-bul-quldyrau-qarzygerler-zeinetaqyny-alu-usin-zetkiliktilik-segin-koteru-sesimine-pikir-bildirdi/

pixel