Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу: Жеткіліктілік шегі көтерілген соң БЖЗҚ сайтында ақау пайда болды

Опубликовано:

БЖЗҚ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың ең төменгі жеткілікті шегі көтерілгені туралы ақпараттан кейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында ақау пайда болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін 2022 жылдан бастап зейнетақы жинағынан ақша алу үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі екі есеге көтерілетіні белгілі болған еді.

Егер 2021 жылы 30 жастағы қазақстандықтың зейнетақы шотында 2,5 млн теңге болуы тиіс болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 4,37 млн теңгені құрайды.

БАҚ беттерінде жаңалық жарияланғаннан кейін БЖЗҚ сайтында ақау пайда болды.

Сайттың бастапқы бетіне кіру үшін 3-5 минут күте тұру керек. Сайттағы қандай да бір бөлімді ашу үшін де пайдаланушылардың бірнеше уақыт күтуіне тура келеді.

Бұл ретте enpf-otbasy.kz зейнетақы жинақтарын пайдалану платформасы әдеттегідей жұмыс істеп тұрғанын айта кеткен жөн.

БЖЗҚ мәліметінше, ең төменгі жеткілікті шегінің көтеруліне 2022 жылы әлеуметтік көрсеткіштер мөлшерінің ұлғайтылуы себеп болған. Атап айтқанда, елімізде ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өскен болатын.

Ең төменгі жеткіліктілік шегі
Ең төменгі жеткіліктілік шегі. Скриншот: БЖЗҚ сайты

Ең төменгі жеткіліктілік шегі
Ең төменгі жеткіліктілік шегі. Скриншот: БЖЗҚ сайты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945123-en-tomengi-zetkiliktilik-segi-koterilgen-son-bzzq-saitynda-aqau-paida-boldy/

pixel