Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк атақты әншінің құрметіне монета шығарды

Опубликовано:

Әнші
Фото: Sputnik / Становов

Ұлттық банк ROZA BAǴLANOVA 100 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы ұйымының мәліметінше, номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясын жалғастырады.

Айта кетейік, КСРО халық артисі, Қазақстанның Халық қаһарманы, кеңестің және қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 2022 жылы 100 жыл толады.

"Монета бетінің (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ою-өрнек элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу жазылған. Төменгі бөлігінен монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуын көруге болады" делінген хабарламада.

Монетаның екінші бетінде (реверсінде) Роза Бағланованың суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін  100 JYL деген жазу бар.

Монетаны айналдыра "Ах, Самара-городок" әнінің ноталары, ROZA BAǴLANOVA, монетаның шыққан жылын білдіретін "2022" деген жазулар бар.

Коллекциялық монета МН25 мельхиор құймасынан, 15 грамм салмақта, 33 мм диаметрмен, brilliant uncirculated сапада, 100 теңгелік номиналмен 15 000 дана болып шықты.

Монета коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрі бойынша номиналды құнына сай қабылдауға жатады, сондай-ақ монеталарды банк шоттарына салып, аударым жасауға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде айырбастап, ұсақтауға болады.

Коллекциялық монета Қазақстанның теңге сарайында жасалған.

Монета
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1949293-ulttyq-bank-ataqty-ansinin-qurmetine-moneta-sygardy/

pixel