Маңғыстауда балықтан уланған отбасының жағдайы қалай
Жарияланған күні:

Маңғыстау облысында балық жеп, артынша ботулизм диагнозы қойылған үш науқас ауруханадан шықты, деп хабарлайды Lada.kz.
Ауруханада ем алып жатқан үш ересек үйіне шығарылды. Бұл туралы басылымға Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухана өкілдері хабарлаған.
Еске салсақ, оқиға 17 қыркүйекте Мұнайлы ауданында болған. Отбасы кешкі ас кезінде кептірілген балық жеген. Салдарынан ботулизм белгілерімен ауруханаға түскен.
Олар Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылған. Олардың барлығы жансақтау бөлімінде жатқан. Ал 6 қазанда уланып қалғандардың бірі - 9 жастағы бала көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, бала ауруханаға инфекциялық-токсикалық шокпен жеткізілген.
Эпидемологиялық тергеу кезінде балық белгіленбеген жерде, жол бойынан сатып алынғаны анықталды. Оны сатып алғаннан кейін отбасы мүшелері үйіне келіп, оны тоңазытқышта сақтаған. Кейіннен отбасылық отырыста дастарханға қояды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2442238-manggystauda-balyqtan-ulangan-otbasynyng-zhagdaiy-qalai/