Бұдан былай елордада баспана кезегіне тұруға өтініш тек egov.kz арқылы қабылданады
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары енді баспана кезегіне тұру үшін өтініш қабылдамайды. Бұл туралы қала әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ ресми сайтында хабарлады.
"Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының азаматтары! "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ (ХҚО) бұдан былай тұрғын үйге кезекке қоюға өтінімді қабылдамайды және енді кезекке қою тек электронды түрде портал арқылы (www.egov.kz) жүргізілетін болады.
Портал арқылы кезекке тұру үшін тек ЭЦҚ қажет. Кірістер, адрестік тіркеу, санатқа жататындар туралы барлық басқа деректерді база өзі көреді", - делінген хабарламада.
Қай санаттағы азаматтар тұрғын үй кезегіне тұра алады:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- халықтың әлеуметтік осал топтары;
- көпбалалы отбасылар;
- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлерге кандидаттар, ғарышкерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мемлекеттік сайланбалы қызметтерді атқаратын адамдар;
- жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төтенше жағдай деп танылған азаматтар.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына:
- ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратындар:зейнеткерлер;
- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- көпбалалы отбасылар;толық емес отбасылар;
- I және II топтағы мүгедектер;
- қандастар;
- экологиялық зілзала, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан үйінен айырылған адамдар;
- мемлекеттік міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары жатады.
Осы ретте, ведомство Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйге кезекке тұру үшін кемінде үш жыл тұрақты тіркеу болуы қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ, кезекке тұрған сәттен бастап және соңғы 5 жылда Қазақстан бойынша меншік құқығында тұрғын үй мүлкі болмауға тиіс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1954577-budan-bylai-elordada-baspana-kezegine-turuga-otinis-tek-egovkz-arqyly-qabyldanady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.