Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әл-Фараби даңғылын жөндеуге деп жоспарланған 2 млрд теңге қайда жұмсалмақ

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматы әкімі Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әл-Фараби даңғылын жөндеуге кетеді деп жоспарланған 2 миллиард теңгені қайда бөлетіні туралы баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Әл-Фараби даңғылының Үлкен Алматы айналма жолынан Саин көшесіне дейінгі аралықтағы аумағын жөндеуге жоспарланған 2 миллиард теңгені қаладағы сапалы жолы жоқ немесе жол төсеніші сапасыз аудандардың жол құрылысына қайта бөлу туралы шешім қабылдағанымды мәлімдеймін", - Ерболат Досаев.

Айта кетейік, осыған дейін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы - Қазақстанның айырықша қаласы екенін айтып, шаһардың жаңа әкіміне "алматылық рух" пен қала тұрғындарының көтеріңкі көңіл-күйін қайтару керектігін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1955189-al-farabi-dangylyn-zondeuge-dep-zosparlangan-2-mlrd-tenge-qaida-zumsalmaq/

pixel