Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Нағыз "алматылық рухты" қайта жаңғыртып, тұрғындардың жақсы көңіл-күйін қайтару керек

Опубликовано:

Алматы қаласы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы - Қазақстанның айырықша қаласы екенін айтып, шаһардың жаңа әкіміне "алматылық рух" пен қала тұрғындарының көтеріңкі көңіл-күйін қайтару керектігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сіздің алдыңызда аса күрделі міндеттер тұр. Алматы - біз үшін ерекше қала, жалпы әлеуметтік мәселелерді шешуге шындап көңіл бөліп, нағыз "алматылық рухты" қайта жаңғыртып, әрине, тұрғындардың жақсы көңіл-күйін қайтару қажет", - дейді мемлекет басшысы.

Осы ретте, президент Ерболат Досаевқа наурыз айының басында Алматыға келетінін айтты.

"Наурыз айының басында Алматыға сапарымызда нақты мәселелерді талқылайтын боламыз. Онда расымен де проблемалар бар. Онымен Бақытжан Сағынтаев айналысты, кей жерде ілгерілей алды, кей тұста түрлі себептермен үлгермеді, шеше алмады. Қалай болғанда да алған бағыты дұрыс болды, дәл осы бағытта әрекет ету керек.

Мен сізді Алматы жұртшылығымен тығыз жұмыс істейді деп ойлаймын. Тағы да қайталап айтамын, біз жұмыс сапары барысында даулы мәселелерді талқылауымыз қажет", - дейді президент.

Еске сала кетсек, үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорына қатысты маңызды мәселелер 10 күннен кейін қайта талқыланатынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955136-toqaev-nagyz-almatylyq-ruxty-qaita-zangyrtyp-turgyndardyn-zaqsy-konil-kuiin-qaitaru-kerek/

pixel