Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізілді: Ел тұрғындары қанша ақша үнемдейді

Опубликовано:

Чек
Көрнекі фото: pxhere.com

Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстанда коммуналдық қызметтердің ақысын көтеруге мораторий енгізілгенін мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халық үшін реттелетін коммуналдық тарифтерді (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау) көтеруге мораторий енгізілді", - делінген ресми хабарламада.

Осылайша, елімізде барлық коммуналдық төлем 2021 жылғы желтоқсан айының деңгейінде 180 күн бойы сақталмақ. Барлығы 103 монополист өз тарифін түзетті.

Комитеттің есебіне сәйкес, мораторийдің арқасында халық шамамен 3,2 миллиард теңге үнемдейді:

  • жылумен жабдықтау – 1 442 миллион теңге;
  • электрмен жабдықтау – 839,7 миллион теңге;
  • сумен жабдықтау – 367,6 миллион теңге;
  • су бұру – 224,6 миллион теңге;
  • газбен жабдықтау – 318,7 миллион теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1955566-kommunaldyq-tarifterdi-koteruge-moratorii-engizildi-el-turgyndary-qansa-aqsa-unemdeidi/

pixel