jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Айдос Мырзахметов Қазақстанның жаңа қорғаныс министрі болып тағайындалды: ол туралы не белгілі

    Айдос Мырзахметов
    Айдос Мырзахметов. Фото: Қорғаныс министрлігі

    Бұған дейін Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болған Айдос Мырзахметов Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшылығында кадрлық ауыс-түйіс болғаны белгілі болды. Дәурен Қосанов қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.

    Қорғаныс министрлігінің Telegram-арнасындағы ақпаратқа сәйкес, Айдос Мырзахметов — әскери қызметке жиырма жылдан астам уақытын арнаған кадрлық офицер.

    1981 жылғы 12 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.

    2002 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын үздік аяқтаған. Кейінгі жылдары ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік күзет жүйесінде жедел және командалық даярлық бойынша бірқатар курстан өткен.

    Айдос Мырзахметов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі офицерлік қызметтің сатыларынан өтіп, командалық және басшылық лауазымдарды атқарған.

    2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

    2025 жылы Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

    2022 жылы II дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған.

    Үйленген, үш баласы бар.

    Айдос Мырзахметов Қазақстанның жаңа қорғаныс министрі болып тағайындалды: ол туралы не белгілі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram