Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк: Ресейлік банктердің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстандағы төлемдерге әсер етпейді

Опубликовано:

Ұлттық банк1
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов үкімет отырысында кейбір ресейлік банктердің SWIFT жүйесінен ажыратылуы Қазақстан ішінде төлемдер жүргізуге әсер етпейтінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жекелеген ресейлік банктердің SWIFT жүйесінен ажыратылуы туралы айтар болсақ, бұл Қазақстан ішінде төлемдерді жүргізуге әсер етпейтінін және елдің төлем нарығына тікелей қауіп төндірмейтінін атап өткіміз келеді.

Қазақстан банктерінің ел ішінде клиенттік және меншікті төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу жөніндегі барлық операциялары штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр", - дейді Ғалымжан Пірматов.

Ол SWIFT жүйесінен ажыратылған ресейлік банктердің клиенттерімен трансшекаралық транзакцияларды қамтамасыз ету үшін өзара есеп айырысудың баламалы тетіктері дайындалғанын да атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін SWIFT жүйесі туралы және ресейлік банктердің бұл жүйеден ажыратылуы Қазақстанға қалай әсер ететіні жөнінде жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1958553-ulttyq-bank-reseilik-bankterdin-swift-ten-azyratyluy-qazaqstandagy-tolemderge-aser-etpeidi/

pixel