Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шаңырақ" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Опубликовано:

Баспана сатып алу
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында баспана кезегінде тұрған азаматтардан "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өтінімдер 1-9 наурыз аралығында қабылданады.

Елордалықтар өтінімді электронды түрде Otbasybank.kz порталы арқылы (Нұр-Сұлтан қаласын таңдап, іздеуді басу қажет) береді.

"Шаңырақ" бағдарламасы аясында Metro Cash& Carry супермаркеті жанындағы пәтерлер сатылады. Пәтерлер таза әрленген күйінде ұсынылады, бір шаршы метрі – 220 мың теңге, яғни бір бөлмелі пәтер 7 миллион теңгеден, ал екі бөлмелі пәтер 11 миллион теңгеден басталады.

Өтінім беру үшін ешқандай құжат қажет емес. Тек SMS-хабарламаны растау үшін ұялы телефон болса жеткілікті.

Бағдарламаға тұрғын үйге кезегіне қойылған күніне қарамастан Нұр-Сұлтан қаласында баспана кезегінде тұрған азаматтардың барлық санаты қатыса алады.

"Шаңырақ" бағдарламасының шарттары

Қарыздың ең жоғарғы сомасы – 18 000 000 теңге;

бастапқы жарна – 10%;

жылдық 5%-пен;

несиелеу мерзімі 20 жылға дейін;

отбасының бір мүшесіне шаққанда табыс 133 266 теңгеден аспауға тиіс (мысалы, 4 адамнан тұратын отбасы, яғни кәмелетке толмаған екі бала мен ерлі-зайыпты, мұндай жағдайда отбасының барлық табысы 133 266*4=533 064 теңгеден аспауы шарт);

Отбасы банкте жинақ шотының болуы.

"Шаңырақ" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін кейбір санаттағы азаматтар қайтарымсыз негізде 1,5 млн теңге тұрғын үй сертификатын ала алады.

Олар: халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары;көпбалалы отбасылар;

жетім балалар;

Тұрғын үйкезегінде тұрған келесі қызмет салаларының қызметкерлері:

білім беру;

денсаулық сақтау;

мәдениет;

спорт;

әлеуметтік қамсыздандыру;

ІІМ жанындағы полиция департаменті.

Тұрғын үй сертификатын алу үшін отбасының бір мүшесіне шаққанда табыс 111 655 теңгеден аспауы керек.

Сертификат Отбасы банк қарызды мақұлдағаннан кейін беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1958682-sanyraq-turgyn-ui-bagdarlamasy-boiynsa-otinim-qabyldau-bastaldy/

pixel