Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік кейбір банктердің SWIFT жүйесінен қашан ажыратылатыны белгілі болды

Опубликовано:

SWIFT ұйымы
Көрнекі фото: SOPA Images/Contributor/Getty Images

SWIFT - банкаралық төлемдер жасаудың халықаралық жүйесі ресми сайтында кейбір ресейлік банктердің жүйеден ажыратылатыны туралы ақпаратты растады.

SWIFT өз хабарламасында, ұйым Еуроодақтың, Канада мен АҚШ-тың Ресейге қарсы санцияларын қолдайтынын мәлімдеген.

Қабылданған шешімге сәйкес, 12 наурызда ресейлік жеті банк жүйеден ажыратылуы тиіс.

SWIFT бұл міндеттемені толығымен орындайтынын атап өткен.

Одан бөлек, компания 200-ден астам елде қызмет көрсететін бейтарап ауқымды кооператив екенін де еске салды.

Дегенмен SWIFT өкілдері, компания Бельгия мен Еуроодақ аймағында тіркелгендіктен олардың заңдарына бағынуға міндетті екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов үкімет отырысында кейбір ресейлік банктердің SWIFT жүйесінен ажыратылуы Қазақстан ішінде төлемдер жүргізуге әсер етпейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1959167-reseilik-bankter-swift-zuiesinen-qasan-azyratylady/

pixel