Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баспана әлегі": Доллардың қымбаттауы банктердегі ипотека шарттарына қалай әсер етуде

Опубликовано:

пәтер рәсімдеу
Көрнекі фото: pixabay.com

Теңгенің құлдырауы салдарынан еліміздің екінші деңгейлі банктері ипотекалық пайыздық мөлшерлемені көтеруге мүдделі. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі баспана алуға берілетін несие пайызы қаншалықты қымбаттағанын анықтады.

9 наурыз күнгі жағдай бойынша елімізде бір апта бұрын "Ислам банкі" ипотека бойынша несие беруді тоқтатқан.

"Мурабаха" жүйесімен жұмыс істейтін қаржы ұйымының ипотека шарттары басқа банктерге қарағанда өзгеше еді. Айта кетсек, банк клиент таңдаған пәтерді сатып алу арқылы оның бағасына банктің үстемесін қосып, жалпы соманы несие мерзіміне теңдей бөлуімен ерекшеленеді.

Ал "Сбербанк" байланыс орталығының мәліметінше, қазір банк Алматыда ипотека бойынша барлық өтінімдерді қабылдап жатыр.

"Біз барлық өтінімдерді қабылдап жатырмыз. Соңғы бір апта ішінде біздің банкте ипотекалық мөлшерлеме 3-4 пайызға көтерілді. Жаңа пәтер алу бойынша банкте мемлекеттік 7-20-25 бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, жекелеген құрылыс компанияларының ұсыныстары бар. Ал екінші нарықтағы баспананы 10 пайыздан жоғары алғашқы жарнамен 19,29 пайыздық мөлшерлемемен рәсімдеуге болады", - дейді банк өкілі.

"Банк центр кредит" те ипотекалық пайыздық мөлшерлеменің едәуір көтерілгенін атап өтті. Банк өкілінің сөзінше, қазір ипотека бойынша өтінімдер әдеттегідей қабылдануда. Екінші нарықтағы пәтерді рәсімдеу шарты өзгеріссіз қалған. Алғашқы жарна 20 пайыздан жоғары болуы тиіс, қарызды қайтару мерзімі - 15 жыл. Ал жаңа пәтер алуға банк менеджерінің айтуынша, 7-20-25 бағдарламасы тиімдірек.

"Еуразиялық банк" тек 7-20-25 бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауда. Банктің ішкі талаптарына сай, мұнда ипотекалық несие жалақысын аталған банктің картасы арқылы алатын азаматтарға ғана рәсімделеді.

Nurbank менеджерінің айтуынша, ипотекалық тұрғын үй рәсімдеуге өтінім қабылдау қызметі қалыпты жұмыс істеп тұр. Пайыздық мөлшерлеме өзгермеген.

Halyk банк те ипотека беруін жалғастыруда. Мұнда 20 пайыздан басталатын алғашқы жарнамен табысты растау шартымен – 17,5 пайызбен несие рәсімдеуге болады. Ал жаңа пәтерлерді мемлекеттік 7-20-25 бағдарламасымен алуға әлі де мүмкіндік бар.

"Отбасы банкінде" жағдай тұрақты, банк шарттары әзірге өзгермеген.

Украинадағы жағдайға байланысты қазір әлем елдері Ресейге қарсы санкциялар жариялап, салдарынан доллар қымбаттауда. Алматылық жылжымайтын мүлік агенттігі маманының сөзінше, бұл еліміздің баспана нарығына да әсер етуде.

"Қазір баспана нарығында қызық жағдай орын алып отыр. Жекелеген сатушылар бағаны көтеріп жіберді немесе үйлерін/пәтерін мүлде сатылымнан алып тастады. Ипотека шарттары қиындай бастады. Ал зейнетақы қорынан артылған соманы алуға бір ай ғана уақыт қалды. Сәуірде жеткілікті меже көтеріледі. Сондықтан бұл жағдайда сатушыларға да оңай емес. Олар тұтынушылардың азаюын сезіне бастауы мүмкін", - дейді риелтор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1959814-dollardyn-qymbattauy-elimizdin-bankterinde-ipoteka-rasimdeuge-qalai-aser-etip-otyr/

pixel