Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

508,62 теңге: Күндізгі сессияда бір доллардың орташа бағамы төмендеді

Опубликовано:

Доллар бағамы төмендеді
Илюстрациялық сурет: pixabay.com

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, бүгін, 10 наурызда, күндізгі сессияда бір доллардың орташа бағамы төмендеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Доллардың орташа сараланған бағамы 1,38 теңгеге төмендеп, 508,62 теңге болды.

Сонымен қатар, NUR.KZ сайтының айырбастау бағамы бетіндегі ақпаратқа сәйкес, екінші деңгейдегі банктер Қазақстанда долларларды келесі бағалар бойынша сатып\сатып алуда:

  • Алматыда долларды 510-523 теңгеден сатып алуға болады, 504-517 теңгеден сатылуда;
  • Нұр-Сұлтан банктері доллар 512-523 теңгеден сатылып, сатып алу құны - 506-517 теңге;
  • Шымкентте долларды 512-523 теңгеге сатып алып, оны 506-517 теңгеге сатуға болады.

Айта кетерлігі, kurs.kz сайтының ақпаратына сәйкес, ақша айырбастау орындарында доллар 517-519 теңгеге сатып алынып\сатылып жатса, еуро 595-607 теңгеден, рубль – 4-5,2 теңгеден саудаланып жатыр.

Ресей рублінің бағамын Ұлттық банк 10 наурызда 3,98 теңге, еуроны 559,27 теңге деп белгіледі. Кешегі сауда-саттықта қытай юанінің орташа сараланған бағамы 81,01 теңге болды.

Сондай-ақ, ал 10 наурыздағы саудада мұнай бағасы көтеріліп жатыр. WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері барреліне 110,38 доллар болды.

Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 2,92%-ға өсіп, 114,39 долларға жетті.

Айта кетсек, 9 наурыз күні доллар бағасы көтеріліп, 510 теңге болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1960022-50862-tenge-kundizgi-sessiyada-bir-dollardyn-ortasa-bagamy-tomendedi/

pixel