Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде доллар шамамен тағы 12 теңгеге арзандады

Опубликовано:

Доллар мен теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін Қазақстан қор биржасында доллардың орташа сараланған бағамы 458,76 теңгені құрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бір доллар соңғы сауда-саттықпен салыстырғанда 11,44 теңгеге арзандап отыр. 30 наурыздағы доллардың ресми бағамы 471,30 теңгені құраған болатын.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында орташа алғанда бір доллар 455,47 теңгеден сатып алынып, 460,61 теңгеден сатылуда.

Нұр-Сұлтанда бір АҚШ валютасын 451,11 теңгеге сатып алып, 456,57 теңгеден сатуда.

Ал Шымкент қаласында АҚШ долларын орта есеппен алғанда 455 теңгеден сатып алып, орта есеппен 461 теңгеден сатып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров доллар бағамына қатысты пікір білдірген еді.

Оның сөзінше, қазір бағам тұрақталып келеді, ревальвация басталды. Сондай-ақ министр оң өзгерістер болуы мүмкін екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1962725-qazaqstanda-tenge-kun-sanap-nygaiyp-zatyr/

pixel