Елімізде бір доллар шамамен 9 теңгеге арзандады
Опубликовано:

Қазақстан қор биржасындағы кезекті сауда-саттық нәтижесі бойынша орта есеппен алғанда бір доллар 462 теңгеге дейін арзандады, деп хабарлайды KASE.
Қазіргі уақытта елімізде бір доллардың құны 462,91 теңгені құрап отыр. Соңғы сауда-саттықтан кейін АҚШ валютасы 8,92 теңгеге арзандаған.
NUR.KZ порталындағы ақша айырбастау курсына қатысты ақпаратқа сәйкес:
- Алматыдағы ақша айырбастау орындары долларды 470-458 теңгеден сатып алып, 476-466 теңгеге сатып жатыр.
- Нұр-Сұлтанда олар бір долларды 463-458 теңгеден сатып алса, сату құны 469-466 теңгені құрап отыр.
- Ал Шымкентте ақша айырбастау нүктелері бір АҚШ валютасын 463-458 теңгеге сатып алып, 469-466 теңгеден сатуда.
Еске сала кетсек, 4 сәуірде кешкі саудадан кейін доллардың орташа бағамы 471,83 теңгені құраған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1963597-elimizde-bir-dollar-samamen-9-tengege-arzandady/