Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4 пайыздық автонесиемен салоннан жаңа көлік алған бірінші адамның есімі белгілі болды

Опубликовано:

жеңілдетілген автонесие
Фото: СарыарқаАвтоПром

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылғалы бері жаңа көлік алған алғашқы адамның есімі белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне отандық автокөлік өндіруші кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлады.

Жеңілдетілген автонесиелеу басталған алғашқы төрт күн ішінде бағдарламаның бірінші қатысушысына көліктің кілті табысталды.

Елордалық инженер Бекзат Тілеген 16 мамырда банктердің бірінде автокөлікті бастапқы жарнасыз ресімдеуге өтінім берген.

"Бұл - шын мәнінде, күтпеген жағдай. Көп тілек білдірушілердің арасында мен де өтініш бердім, сол күні қызымның туған күні еді. Барлық процедуралардан өтіп, үйге қайттым. Бірақ мен сату менеджерлерінен кері қоңырау күткен жоқпын, олар сатып алу-сату шартын жасауға болады деп хабарласты. Қызметкерлерге атқарған жұмысы үшін алғыс айтамын. Бүгін біз көлігіміздің кілтін алып жатырмыз. Бұл біздің отбасымыз үшін салоннан алған алғашқы көлігіміз және де біз үшін бұл айтулы оқиға", - деп өз әсерімен бөлісті Бекзат Тілеген.

Отандық автокөлік өндірушілері бүгіннен бастап басқа да қазақстандықтарды қуантатынын хабарлады.

Өндіруші зауыт өкілінің сөзінше, өтініш берушілер бағдарлама шарттарына толық сәйкес келген жағдайда автосалондар мен екінші деңгейдегі банктер автокөліктерді кезең-кезеңмен беруге дайын.

Өнеркәсіпті дамыту қоры атап өткендей, бағдарламаға қатысушы банктер бүгінгі таңда 31,7 млрд теңге сомасына 4290 өтінімді мақұлдап үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1970303-4-paiyzdyq-avtonesiemen-salonnan-zana-kolik-algan-birinsi-adamnyn-esimi-belgili-boldy/

pixel