Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айына 250 мың теңге": Алматыда жалдамалы пәтерлердің қымбаттағанын айтқан маман баға әлі де көтерілетінін болжады

Жарияланған күні:

Алматыда жалдамалы пәтер қымбаттады
Көрнекі сурет: Pixabay

Алматыда пәтерді жалға алу құны қымбаттап жатыр. Қала орталығындағы баспана бағасы 250 мың теңгеге жеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Arbat.media сайтына сілтеме жасап.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Бүгінде Алматыда пәтер жалдау үй сатып алудан да қымбатқа түсіп жатқан жағдайлар аз емес. Алайда бастапқы жарна үшін екінің бірі қаражат жинай алмайтындықтан, жоғары бағаға үй жалдауға мәжбүр.

Мәселен, "Крыша" порталында пәтерлерді жалға беру туралы түрлі хабарландырулар бар. Жалға алушы өзінің қаржылық мүмкіндігі мен қалауына қарай еркін таңдау жасай алады. Дегенмен олардың кейбірі қымбаттығымен таң қалдырады. Өйткені оңтүстік астанада пәтер жалдау құны айына 250 мың теңгеге жетіп тұр, одан да қымбаттары жоқ емес.

Алматыда пәтерді жалға алу құны биыл бірінші рет қымбаттап жатқан жоқ дейді "ИК Челси" ЖШС-ның жылжымайтын мүлік жөніндегі маманы Рустам Касимов. Маманның айтуынша, бұған оңтүстік астанада халық санының қарқынды өсуі себеп, соған сәйкес қалада жылжымайтын мүлікке де сұраныс артып келеді.

"Жалдамалы тұрғын үй бағасының өсуіне екі себеп бар. Біріншіден, зейнетақы жинақтарының көмегімен пәтер сатып алу мүмкіндігінің болуы сұраныстың өсуіне әкеліп соқтырды. Тәжірибе көрсеткендей, жылжымайтын мүлікті сату көлемінің артуы тұрғын үй бағасының көтерілуіне әсер етеді, артынша үйді жалға алу да қымбаттайды. Оған қоса, Украинададағы жағдай да жалға алу ақысының көтерілуіне түрткі болды. Себебі Алматыға Ресейден, Украина мен Беларусьтен көп адам келді", – дейді Касимов.

Рустам Касимов студенттерде оқу жылының басталуы жалға алу құнына еш әсер етпейтінін айтты. Оның әсері тек 2015-2017 жылдары байқалған болатын. Қазір Алматыда жылжымайтын мүлік нарығының көлемі күрт өскендіктен, пәтерге деген жоғары сұраныс жыл бойы сақталады.

Сарапшы пәтердің бағасы оның орналасқан ауданына байланысты екенін айтты. Мәселен қала орталығындағы пәтерлер әлдеқайда қымбат. Бірақ оларға сұраныс жоғары – өмір сүруге жайлы болғандықтан, адамдар артығымен төлеуге дайын.

"Баға әлі де көтеріледі. Біртіндеп болсын өседі", – деп болжайды Рустам Касимов.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылғы маусым айында Қазақстанда тұрғын үйді жалға алудың орташа құны 1,1 пайызға төмендеген. Бұл 2021 жылдың қазан айынан бері осы нарықтағы бағаның алғашқы түсуі. Бәрінен бұрын Нұр-Сұлтанда жалдау ақысы 3,4 пайызға төмендеген.

Алайда 2022 жылғы наурыз айында сарапшылар жалға берілетін тұрғын үй бағасының көтерілгенін хабарлады. Бір жыл ішінде (2021 жылдың наурыз айынан бастап) ол 19,1 пайызға қымбаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1978239-aiyna-250-myn-tenge-almatyda-zaldamaly-paterlerdin-qymbattaganyn-aitqan-maman-baga-ali-de-koteriletinin-bolzady/