Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кірісі мен мүлкі туралы декларацияны дер кезінде тапсырмаудың немесе кешіктіріп тапсырудың салдары қандай

Опубликовано:

Есеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Салық декларациясы мерзімінде табыс етілмесе, салық органдары бірінші рет ескертумен шектеледі. Жеке тұлға сол ескертуден кейін бір жыл ішінде қайталап құқық бұзса, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Салық салу объектілерін жасырса, қанша мөлшерде айыппұл қарастырылғанын Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Былтыр жыл басынан бастап елімізде кірістерді жалпыға бірдей декларациялау басталған еді. Ол бірнеше кезеңде жүзеге асырылады.

Бұл, ең алдымен, мемлекеттік қызметшілерге және оларға теңестірілген тұлғаларға, банк, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушыларына, сондай-ақ тізімде көрсетілген барлық тұлғалардың жұбайларына қатысты.

Өткен жылы жоғарыда аталған тұлғалар активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынған болатын. Биыл олар өздерінің кірісі мен мүлкі туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсыру керектігін жазған болатынбыз.

Мемлекеттік кірістер комитетінде декларацияны толық емес немесе кешіктіріп тапсырудың салдары қандай екенін түсіндірді.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 272-бабының 1-тармағы бойынша егер бастапқы салық декларациясы мерзімінде табыс етілмесе, онда салық органдары бірінші рет ескертумен шектеледі.

Ескерту жасалғаннан кейін жеке тұлға тарапынан бір жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық орын алса, ӘҚБтК-нің 272-бабының 2-тармағы бойынша 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл бүгінде 45 945 теңгені құрайды.

Егер декларацияда салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге әкеп соқпайтын толық емес, дұрыс емес мәліметтер қамтылса, онда салық органдары да бірінші рет ескертумен шектеледі.

Ескертуден кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер болса ӘҚБтК-тің 275-бабының 2-2-тармағы бойынша 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Салық салу объектілерін жасырған жағдайда, жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық сомасының 200 пайыз мөлшерінде айыппұл төлейді. Егер мұндай құқық бұзушылық қайталанса, 300 пайыз мөлшерінде айыппұл көзделген.

Бұл шара жеке тұлғалар хабарлама берген кезде салық міндеттемелерін орындамаса және салықтық тексеру жүргізілген болса қолданылады.

Құқық бұзушылықты өз бетінше жою кезінде айыппұлдар салынбайды.

Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңның 12-бабы бойынша 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға, шоттар (салымдар) ашуға және иеленуге тыйым салынған.

Көрсетілген міндеттемелерді орындамау олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.

Салық есептіліктерін ұсыну және толтыру тәртібі туралы толық ақпаратты 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығынан, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтынан алуға болады.

Айта кетейік, кірістер мен мүлік туралы декларацияны қағаз түрінде тапсыру мерзімі бітіп кетті, ал электрондық түрде 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыруға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1979145-kirisi-men-mulki-turaly-deklaraciyany-der-kezinde-tapsyrmaudyn-nemese-kesiktirip-tapsyrudyn-saldary-qandai/

pixel