Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңгедегі депозиттен табыс табу: Жылдық тиімді мөлшерлеме арта түсті

Опубликовано:

Депозит
Фото: depositphotos

Қазақстандық банктер ҚДКБҚ ұсынымдарына сәйкес депозиттер бойынша мөлшерлемені көтере бастады. Home Credit Bank бүгін "Простой" және "Почтовый Хоум" мерзімді теңгедегі депозиттер бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені 14%-ға көтерді. Ал теңгелік жинақ депозиттер, яғни қаражатты алу және қосымша салымдарсыз жинақтау үшін қажет депозиттердің жылдық тиімді мөлшерлемесі 16%-ға дейін арта түсті.

Home Credit Bank салымының ең төменгі сомасы 1000 теңгеден басталады. Максималды сомасы шектеусіз. Салымдарды мобильді қосымшада, сайтта және банк бөлімшелерінде ашуға болады.

"Осымен жыл басынан бері үшінші рет "Простой" депозиттері бойынша мөлшерлемені көтердік. Бұл жаңа клиенттермен бірге біздің қазіргі салымшыларымызға да арналған қолдау шарасы. Клиенттеріміз бізді қаржы серіктесі ретінде таңдап, сенім білдіргенін жоғары бағалаймыз. Корпоративтік мәдениетіміздің негізіне алынған еуропалық әділеттілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, клиенттерімізді бөліп-жарғымыз келмейді. Барша клиентіміздің қаржылық әл-ауқатына қамқорлық жасау аса маңызды. Себебі, клиенттердің шынайы алғысы — ең үлкен марапат", — дейді "Home Credit Bank" АҚ басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Жақында қазақстандық Хоум Кредит Банкі кириллицадағы атаудан бас тартып, Home Credit Bank деп өзгерді. Осы жылдың мамыр айында қаржы институтының меншік иесі ауысып, Еуропалық одақтың азаматтары акционерлер атанды. Ұйымның акциялары пакетінің 75%-ын холдингтің басшысы Иржи Шмейц жетекшілік ететін PPF халықаралық инвестициялық-қаржы корпорациясының топ-менеджменті сатып алды. Шмейц —миллиардер, Чехияның ең бай тұрғындарының бірі, жергілікті Forbes рейтингісінде 13-ші орындағы кәсіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1980438-tengedegi-depozitten-tabys-tabu-zyldyq-tiimdi-molserleme-arta-tusti/