Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім жарияланатын күнді ауыстырды

Опубликовано:

Ұлттық банк
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешімді қашан жариялайтыны белгілі болды. Ол 2022 жылғы 24 қазаннан 26 қазанға ауыстырылды, деп хабарлайды Ұлттық банк ресми сайтында.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, базалық мөлшерлеме бойынша шешім "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға өзгерістер енгізуге және көрсетілген кезеңде демалыс күндерінің ауысуына байланысты болып отыр. 

Еске сала кетейік, биыл қазақстандықтар 13 жылдан соң алғаш рет Республика күнін атап өтеді.

"Қазақстан Ұлттық банкі" ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылдың 26 қазанында Астана уақытымен сағат 14:00-де жарияланады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, базалық мөлшерлеме бойынша соңғы шешім 5 қыркүйекте жарияланған болатын. Ол кезде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 14,5 пайыз деңгейінде қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1990944-ulttyq-bank-bazalyq-molserleme-boiynsa-sesim-zariyalanatyn-kundi-auystyrdy/

pixel