Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

25 қазан Республика күні ретінде қайта бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін қол қойды. Оған сәйкес, 25 қазан ұлттық мереке - Республика күні ретінде қайта бекітілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін аталған заң бойынша "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға бірден бірнеше өзгеріс енгізелетіні хабарланған еді. Олар:

  • 25 қазанды ұлттық мереке - Республика күні ретінде бекіту;
  • 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде бекіту;
  • 1 желтоқсан Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990191-25-qazan-ulttyq-mereke-respublika-kuni-bolyp-qaita-bekitildi/

pixel