Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға төлем мөлшері ұлғаяды

Опубликовано:

ақша
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау шеңберінде, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғайтылатын болады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жұмыссыз қалған азаматтарға көмек жайын түсіндіріп берді.

Еңбек министрлігінен атап өткендей, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар бір айдан алты айға дейінгі мерзімге жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер алады.

Бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы екі жылдағы табысқа байланысты есептелетін сома болып отыр. Төлемнің өзі әлеуметтік аударымдар жүргізілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаражаты есебінен, жоғалған табыстың шамамен 40% мөлшерінде жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу үшін кірісті алмастыру коэффициентін 40-тан 45%-ға дейін арттыру көзделген. Нәтижесінде мұндай төлемдердің мөлшері орта есеппен 13%-ға ұлғаяды.

Осы орайда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, жұмыс берушілердің жұмыскерлері үшін МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің мөлшері өзгермейді.

Сондай-ақ, МӘСҚ қаражаты есебінен әлеуметтік төлем азамат жұмысынан айырылған жағдайда жұмыстан босату себептеріне қарамастан жүзеге асырылатынын және жұмыс іздеп жүрген кезеңде жұмыссыз адамды қолдауға арналғанын еске салған жөн. Сондықтан әлеуметтік төлем құқығы жұмыстан босатылған адамды жұмыссыз ретінде тіркеген сәттен бастап туындайды.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың басынан бері жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан 80 мыңға жуық адам төлем алған.

Бүгінгі таңда бұл төлемді тағайындау процесі барынша автоматтандырылған.

Төлем алу үшін үйден шықпай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүгінуге болады. Бұл жағдайда жұмыстан шыққан қызметкерге келесі іс-әрекетті орындаса жеткілікті:

- eGov.kz порталына тіркелу;

- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

- барлық алаңды толтырып, онлайн қызметке тапсырыс беру және өтінімді ЭЦҚ-ға қол қою арқылы жіберу;

- бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы (ХҚКО) бос жұмыс орындарын ұсынады;

- егер жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін ХҚКО қызметкері өтініш берушімен байланысады).

Жұмыссыз ретінде тіркелу қадамы Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесіне жұмыссыз жанның ұялы телефонына проактивті сипатта МӘСҚ-дан жұмысынан айрылу бойынша төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін SMS-хабарлама жіберуге түрткі болады. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға оң жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Сол сияқты жұмыссыз ретінде «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы онлайн-режимде тіркелуге (enbek.kz) және порталда тіркелгеннен кейін жұмысынан айрылу бойынша төлемге өтініш беруге болады.

Осыған қарамастан, ХҚКО арқылы жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемге өтініш берудің дәстүрлі тәсілі де сақталды.

Сонымен бірге, төлемді халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы алуға болады, жұмыссыз ретінде тіркелген кезде азамат жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беруге құқылы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1994828-2023-zylgy-qantardan-bastap-qazaqstanda-zumysynan-airylylgandarga-tolem-molseri-ulgayady/

pixel