Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде қолма-қол ақшаны цифрлық теңгеге айырбастау туралы жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

теңге
Теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазнетте цифрлық теңге туралы жалған ақпарат пайда болған. Қазақстан ұлттық банкі осы сынды шындыққа жанаспайтын ақпараттардан сақ болуды ескертті.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, цифрлық теңге төңірегінде қызығушылық артқандықтан алаяқтар жоба туралы ақпаратты теріс мақсатта пайдаланып, жұртты адастыруға көшкен.

"Мессенджерлерде жаңалық форматында қолма-қол ақшаны цифрлық теңгемен ауыстыру туралы фейк ақпараттар мен видеороликтер тарап жатыр. Ал цифрлық теңге жобасына инвестиция салуды жарнамалаушылар алаяқтық сайттарды жасауға көшкен. Бұл хабарламалардың барлығы да шындыққа жанаспайды", - делінген Қазақстан ұлттық банкі хабарламасында.

Бұл ретте Ұлттық банк цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қол ақшасыз аударымдардың орнын ауыстыру үшін шығарылмағанын атап өткен. Цифрлық теңге болашақта қолданыста қатар жүретін болады.

Цифрлық валюта бірегей технологиялық сипаттамалардың арқасында Қазақстанның Ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамытуды көздейді, оның ішінде интернетсіз төлем жасау мүмкіндігі де пайда болады, дейді ведомство.

Айта кету керек, қазір "Цифрлық теңге" жобасы әзірленуде, ол сынақтан өткізу кезеңінде тұр. Ұлттық цифрлық валютаны енгізу бойынша нақты шешім осы жылдың соңына дейін қабылданады деп жоспарлануда. Ал Ұлттық банк цифрлық валютаның артықшылықтары мен тәуекелдерін, оның ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылыққа және төлем қызметі нарығына әсерін жан-жақты зерттеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1999465-zelide-qolma-qol-aqsany-cifrlyq-tengege-aiyrbastau-turaly-zalgan-aqparat-tarady/

pixel