Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыры неде екенін білмеймін": автонесие алуға өтініш беріп үлгерген қазақстандық оған қалай қол жеткізгенін айтты

Опубликовано:

Ер адам
Көліктің кілтін ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алуға өтініш қабылдау басталды. Шартқа сәйкес, бүгін 761 адам ғана өтініш бере алды. Өтініші қабылданған бірнеше қазақстандық оны сайт арқылы қалайша беріп үлгергенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 6 ақпанда сағат 10:00-де қазақстандықтар autonesie.kz сайты арқылы 4 пайызбен автонесие алуға өтініш берді. NUR.KZ журналистері де платформаны тексеріп көрген болатын. Шарт бойынша, платформа іске қосылғаннан кейін жеңілдетілген автонесие алуға небәрі 761 қазақстандық өтініш бере алған. Бұл шекке жеткен соң өтініштерді қабылдау тоқтатылды.

Өтінімдерді қабылдау алғашқы 18 секундта аяқталған. Ал Қазақстанның Даму банкі платформа іске қосылған алғашқы минутта сайтқа 125 000 адам кіргенін айтты. Өтінімдерді қабылдаудың келесі кезеңі наурыз айында, содан кейін ай сайын қолжетімді болады.

Ал бұл жолы өтініші қабылданып, жолы болғандар мұны қалай істегенін айтып берді.

"Мен сол сайтта сағат 09:30-дан бастап отырдым, оны қайта-қайта жаңартып отырдым. Сағат 10:00-де іске қосылды, бірақ өтінішім бірден қабылданған жоқ, төртінші мәртеден тапсырдым. Бірінші рет қате бар деп көрсетті. Мен компьютерде екі терезені қатар ашып, әртүрлі браузерден (қолданба – ред.) өтініш беріп көрдім. Нәтижесінде, сағат 10:04-те бір өтінімім белсенді болып тұрғанын көрдім", - деп хабарлайды өтініш беріп үлгерген қазақстандыққа сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан Telegram арнасы.

Тағы бір қазақстандық ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) құпия сөзін алдын ала дайындап қойғанын айтқан.

"Мен ЭЦҚ паролін теріп жазып отырмайын деп бөлек алдын ала дайындап жазып алдым, бірден көшіріп алып, қойдым. Сыры неде екенін білмеймін, кеңседе менімен бірге 10 шақты адам өтінім бергісі келді, бірақ ешқайсысы үлгерген жоқ", - дейді ол.

Айта кету керек, жеңілдетілген автонесие алуға өтінім қабылдайтын сайт іске қосылғаннан кейін бірден жұмысын тоқтатты.

Еске салайық, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2022 жылдың мамырында басталған болатын. Бағдарламаға сәйкес, қазақстандықтар отандық құрастырылған көлікті сатып алу үшін 4 пайызбен несие ала алады. Алайда бағдарлама бірнеше рет тоқтатылды. Оған бөлінген қаражатты игерілуі себеп болды.

Ақпан айында Өнеркәсіпті дамыту қоры бағдарламаны 6 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де іске қосу жоспарланғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2008211-syry-nede-ekenin-bilmeimin-avtonesie-aluga-otinis-berip-ulgergen-qazaqstandyq-ogan-qalai-qol-zetkizgenin-aitty/

pixel